"Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 06 сәуірдегі № 3438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 5562 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 маусымда № 5542 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 15619 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 25.06.2020 № 15619 қаулысымен (01.09.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифiн белгiлеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 06 сәуірдегі № 3438 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10-1-210 тіркелген, "Кызылорда Таймс" газетінде 2013 жылғы 4 мамырдағы № 18 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін барлық маршруттар үшін бірыңғай белгiлеу туралы";

      қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифін барлық маршруттар үшін бірыңғай белгіленсін:

      1) автобус және шағын автобустарда 70 теңге көлемінде;

      2) 6 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға 30 теңге көлемінде.".

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев
      "КЕЛIСIЛДI"
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы
      Р. Боханова
      __________________
      "10" маусым 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады