Арал қаласының көшелері мен тұйығын қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы N 8-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 қаңтардағы N 282 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 ақпанда N 5362 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 4 қорытындысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал қаласының мына көшелері мен тұйығы:

      1) Н.Гоголь көшесін Қазыбай Қошқаровтың есімімен;

      2) М.Кутузов көшесін Махамбетали Жарымбетовтың есімімен;

      3) Ш.Уәлиханов тұйығы Дабыл Сахиевтың есімімен қайта аталсын.

      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданы әкімінің Арал аудандық мәслихатының
      міндетін атқарушы кезектен тыс қырық алтыншы
      сессиясының төрағасы
      М. Оразбаев А. Бөлекбаев
      Арал аудандық
      мәслихатының хатшысы
      К. Данабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады