Коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 40-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 01 сәуірде № 5437 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына, "Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлік жекешелендірілсін.
      2. "Арал аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ А. МҰХИМОВ
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының қаржы
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ___________ Т. Жақыпбаев
      "29" ақпан 2016 жыл

  Арал ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "29" ақпандағы
№ 40-қ қаулысына қосымша

Жекешелендірілетін аудандық коммуналдық мүлік

Заңды тұлғаның атауы

Іске асыру мерзімі

Жекешелендіру түрі

Арал қалалық шаруашылық жүргізу құқығындағы көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Қараша 2016 жыл

Тендер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады