Арал қаласының көшелері мен тұйықтарын атау және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 86-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 19 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 мамырда № 5515 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 13 cәуірдегі № 2 қорытындысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арал қаласының мына көшелері мен тұйықтары:
      1) "Дружба" көшесі "Достық" атауымен;
      2) "И.Папанин" көшесі "Қосмағанбет Сапаровтың" есімімен;
      3) "Н.Щорс" көшесі "Ерденбек Ниетқалиевтің" есімімен;
      4) "А.Микоян" көшесі "Әбдікер Қаюповтың" есімімен;
      5) "Киров" тұйығы "Ұлдай Есмамбетованың" есімімен;
      6) "40 жылдық Октябрь" тұйығы "Алпысбай Медетовтың" есімімен;
      7) "Судоверьф" көшесі "Садылда Көбековтың" есімімен қайта аталсын.
      2. "Ш.Уәлиханов" тұйығына қатарлас шығыс бетіндегі жаңа көше "Жұбанбай Сауытбаевтың" есімімен аталсын.
      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
      Арал ауданының Арал аудандық мәслихатының
      әкімі кезектен тыс үшінші сессиясының
      төрағасы
      А.С. Мұхимов Ф. Смағұлов
      Арал аудандық
      мәслихатының хатшысы
      Д. Мадинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады