"2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 13 мамырдағы № 254 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қазанда № 360 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қазанда № 5632 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4 - тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 13 мамырдағы № 254 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2016 жылдың 26 мамырында № 5518 тiркелген, "Қармақшы таңы" газетiнде 2016 жылғы 1 маусымда жарияланған) келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Б. Накиповқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов

  Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы "25" қазандағы
№ 360 қаулысына қосымша
  Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы "13" мамырдағы
№ 254 қаулысына қосымша

2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері

Аудан атауы

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге)

Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік)

1

Қармақшы ауданы

24240

Мектеп жанындағы шағын орталық



18371


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады