Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 желтоқсандағы № 377 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда № 5669 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексіне, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға жұмыс орындары санының екі пайызы мөлшерінде:
      1) мүгедектер үшін;
      2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін
      3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
      4) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін жұмысқа орналастыру квоталары белгіленсін.
      2. "Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" (Е.Жақып) коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ.Қазантаев

Об установлении квоты рабочих мест

Постановление Сырдарьинского районного акимата Кызылординской области от 05 декабря 2016 года № 377. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 15 декабря 2016 года № 5669. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "Трудовой Кодекс Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" акимат Сырдарьинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоты для трудоустройства от численности рабочих мест в размере двух процентов на 2016 год:
      1) для инвалидов;
      2) для лиц, состоящих на учете службы пробации;
      3) для лиц, освобожденных из мест лишения свободы;
      4) для граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования.
      2. Коммунальное государственное учреждение "Сырдарьинский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" (Жакып Е.) в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района соответствующей сферы.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким района Казантаев Г