Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізудің Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 ақпандағы № 50/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 наурызда № 5394 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 55/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 25.06.2020 № 55/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Шиелі ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылдың 11 сәуіріндегі № 27/8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 15 мамырында № 4673 болып тіркелген, "Өскен өңір" газетінің 2014 жылы 24 мамырында №36 (8190) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс L сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы: Ә.Оразбекұлы

  Аудандық мәслихаттың
"11" ақпан 2016 жылғы
№ 50/3 шешімімен бекітілген

Шиелі ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің Қағидалары

      1. Осы Қызылорда облысында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

1. Шиелі ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге арналған арнайы орындар

      2. Шиелі ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу үшін келесі арнайы орындар белгіленсін:

      1) Аудан орталығындағы Самара-Шымкент тас жолы бойында орналасқан "Ыбырай Жақаев" атындағы саябағының алдыңғы алаңқайы;

      2) "Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімi" коммуналдық мемлекеттік мекесінің артқы ауласы;

      3) Аудан орталығындағы "Мәдениет және демалыс" саябағының алдыңғы алаңқайы.

      3. Шиелі ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, демонстрациялар өткізу үшін келесі арнайы маршруттар белгіленсін:

      1) Н. Бекежанов көшесінің ескі № 47 мектебінен бастап, Самара-Шымкент тас жолына дейін;

      2) Д. Нысанбаев көшесінің Досбол датқа көшесінің қиылысынан бастап, Төлеби көшесінің қиылысына дейін;

      3) Т. Жүргенов көшесінің 1-ші тұйығынан бастап, Ә. Исмайлов көшесіне дейін.

      4. Бейбіт пикеттер өткізу үшін арнайы орындар белгіленбейді.

2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібінің талаптары

      5. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар (әрі қарай – шара) өткізу туралы өтініш оларды өткізудің белгіленген күнінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі.

      6. Өтініште шараны өткізудің мақсаты, нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген күні көрсетіледі.

      Өтініш жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнама талаптарына сәйкес берілуі мүмкін.

      Аудан әкімдігіне тікелей жүгіну барысында өтініш берушіге өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні, қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі.

      7. Өтініштің берілген мерзімі аудан әкімдігіне тіркелген күннен бастап есептеледі.

      8. Шараны өткізу туралы өтінішті еңбек ұжымының, қоғамдық ұйымдардың немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының 18 жасқа толған уәкілдері береді.

      Өкілдікті рәсімдеу Қазақстан Респуликасының Азаматтық заңнамасымен бекітілген тәртіппен жасалады.

      9. Аудан әкімдігі өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      10. Аудан әкімдігі басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс жасауын, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен орнын немесе көтерілген мәселелерді талқылауға, қарауға арналған балама алаңды ұсынады.

      Қабылданған шешімге қолданыстағы заңнамада бекітілген тәртіппен шағым жасауға болады.

      11. Шара өткізу туралы өтініш беру барысында 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының талаптары бұзылған жағдайда жіберілген қателерді жою туралы ұсыныспен аудан әкімдігімен ресми жауап беріледі.

      Жаңадан түскен өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен сәтінен бастап есептеледі.

      12. Егер шараның өткізілу мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімдікті, тектік астамшылықты, республиканың конституциялық құрылымын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа ережелерін бұзу немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, аудан әкімдігі бұларды өткізуге тыйым салады.

      13. Бұқаралық шараларды теміржол, су және әуе көлігінің объектілерінде, сондай-ақ, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (аудандық қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқада энергия тасымалдаушы) және, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді.

      14. Бас тартылған жағдайда ұйымдастырушыларға барлық дайындық рәсімдерін тез арада тоқтату жөніндегі шараларын қабылдау және бұл жөнінде әлеуетті қатысушыларды тиісті түрде хабардар ету көрсетіледі.

      15. Егер ұйымдастырушылар дайындық шараларын тоқтату жөніндегі шараларды өздігінен қабылдамаса, аудан әкімдігі шараны өткізуге рұқсат беруден бас тартылғандығы туралы ақпаратты, санкцияланбаған шараға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертумен бірге өзінің ресми интернет-ресурстарына, сондай-ақ, ұйымдастырушылар заңсыз шараға шақыру, шақырту орналастырған (орналастырылып жатқан) басқа да ресурстарға орналастыруға құқылы.

      16. Аудан әкімдігі ұйымдастырушылардың келісімі бойынша қоғамдық тәртіпті, көліктің, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу мақсатында, сондай-ақ, шаралардың нысаны, өткізілу орны мен уақыты тура келіп, алайда басқа шараның бағыты мен мақсатына сәйкес келмеген жағдайда, белгіленген мерзімге бұрын немесе бір мезгілде түскен шараны өткізу туралы арыздардағы шараның өткізілу уақытын, орнын (маршрутын) және өткізілу тәртібін өзгертуге құқылы.

      Аудан әкімдігінің ұсынысы нақты сипатта болуы тиіс, дегенмен бірнеше нұсқаны қамти алады.

      17. Шара өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, онда көрсетілген мерзімде, уақытта және шартты орындарда (белгіленген маршрутпен) өткізіледі.

      18. Егер шараның нысанын өзгерту қажеттілігі туындаса, шараны ұйымдастырушы тиісті рұқсатты алу үшін аудан әкімдігіне жүгінуі қажет.

      19. Шараны өткізу барысында өтінішке қол қойған ұйымдастырушыда айырмалық белгісі болуы тиіс, бекітілген тәртіпке сәйкес өзі келіп және шараның өткізілуіне толық жауапкершілікте болады.

      20. Шараны өткізу барысында ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, басқа да нормативтік актілерін, қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.

      21. Шараны ұйымдастырушылар мен аудан әкімдігі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін, медициналық қызметті, өрт қауіпсіздігін және төтенше жағдайлар туындағанда қатысушыларды эвакуациялауға шаралар қабылдайды.

      22. Шара өткізілетін орындарда алкогольді сусындарды ішу, есірткі құралдарын, психотроптық және оларға ұқсас заттарды пайдалануға тыйым салынады.

      Шараны ұйымдастырушылар мас және есірткі пайдаланған тұлғалардың шараға қатысуына жол бермеуге міндетті.

      Шараға қатысушыларға өзімен бірге қару, жарылғыш, улы, есірткі заттарын, алкогольдік сусындарды, сондай-ақ, адамдардың өмірімі мен денсаулығына қарсы қолданатын, жеке және заңды тұлғаларға материалдық шығын келтіретін, тәртіпсіздікті арандату, митингіге кедергі келтіру және т.б. жағдайда қолданылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген заттарды алып жүруге тыйым салынады.

      23. Шараны ұйымдастырушылар оны өткізу барысында дауыс күшейткіштер, транспаранттар, ұрандар және басқа да материалдарды дайындау және (немесе) пайдалану, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, кімге де болмасын тіл тигізетін көпшілік алдында сөз сөйлеулерге жол бермеуге міндетті.

      24. Пикетке шығушыларға рұқсат етіледі:

      пикет өткізілетін объектінің жанында отыруға, тұруға;

      көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға;

      пикеттің тақырыбына сәйкес қысқа ұрандар мен лозунгілерді айқайлап айтуға.

      25. Қоғамдық тәртіпті сақтау және пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі жекелеген пикетке қатысушылар бір-бірінен шамамен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы қажет.

      26. Шараның өткізілуі барысында ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі заңнамаға сәйкес қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеуді қамтамасыз етеді, қолданыстағы заңнамада қарастырылған басқа да қызметтерді атқарады.

      27. Ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптары барлық азаматтарға, шараға қатысушы азаматтарға, лауазымды тұлғаларға, ұйымдармен бірлестіктерге міндетті болып табылады.

      28. Азаматтардың бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың, ұйымдастырушылардың, қатысушылардың барлық іс-әрекеттеріне жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдануға болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады