Атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 16 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 мамырда № 5520 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 қорытындысына сәйкес Керделі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шиелі ауданының Керделі ауылдық округі Нартай Бекежанов ауылындағы атауы жоқ "9 квартал" көшесіне "Жолдыбай Ақмолдаев" есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы М. Әбжапбарға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Керделі ауылдық округінің әкімі Ф. Ержан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады