Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 24 мамырдағы № 2/17 шешімі және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 147 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 маусымда № 3073 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Бейнеу аудандық мәслихаты мен Бейнеу ауданының әкімдігінің пікірлерін ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейнеу ауданының Ноғайты ауылдық округі таратылсын.
      2. Бейнеу ауданының Сам селолық округінің шекарасы, оның құрамына таратылған Ноғайты ауылдық округінің аумағын және Ноғайты селосын енгізу жолымен өзгертілсін.
      3. Сам селолық округінің қазақ тіліндегі атауы "Сам ауылдық округі" болып, оның құрамына кіретін Сам және Ноғайты селоларының қазақ тіліндегі атаулары тиісінше "Сам ауылы" және "Ноғайты ауылы" болып өзгертілсін.
      4. Сам ауылдық округінің әкімшілік орталығы болып Сам ауылы белгіленсін.
      5. Маңғыстау облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің 2000 жылғы 28 қыркүйектегі № VII/59 "Бейнеу ауданының Ноғайты ауылдық округін құру туралы" шешімі жойылсын.
      6. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.пСейбағытов) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
      8. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев
      Сессия төрағасы А. Қуанов
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады