Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 233 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 тамызда № 3143 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.12.2023 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 139-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi туралы" 2016 жылғы 24 мамырдағы № 2/18 Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімінің негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.12.2023 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы С. Алдашев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Маңғыстау облысының

      білім басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      З.Ж. Тастемірова

      "25" 07 2016 жыл

      "Маңғыстау облысының

      ветеринария басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ш. Хамиев

      "25" 07 2016 жыл

      "Маңғыстау облысының дене

      шынықтыру және спорт басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндетін атқарушы

      Р.Ф. Елизарова

      "25" 07 2016 жыл

      "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау

      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндетін атқарушы

      К.А. Оралбаева

      "25" 07 2016 жыл

      "Маңғыстау облысының жұмыспен

      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

      бағдарламалар басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндетін атқарушы

      Қ.І. Нұрмамедова

      "25" 07 2016 жыл

      "Маңғыстау облысының мәдениет

      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің

      басшысының міндетін атқарушы

      П.О. Сармузина

      "25" 07 2016 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2016 жылғы "25" 07 №233
  қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 29.12.2023 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1.Денсаулық сақтау саласында:

      1)басқарушы персонал: мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі және экономика, қаржы мәселелері жөніндегі басшының орынбасарларын қоспағанда), құрылымдық бөлімшенің басшысы, дәріхана және зертхана меңгерушiсi;

      2)негізгі персонал: барлық мамандықтағы дәрігерлер және мұғалімдер, кеңейтілген практиканың медициналық бикесі (медициналық ағасы), провизор (фармацевт), тәрбиеші, логопед, психолог маман, дефектолог, зертханашы, әлеуметтік қызметкер, резидент-дәрігер, сарапшы-маман, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), инженер-медицина физигі, сәулелік жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер, инженер-радиохимик, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, оптик және оптикометрист, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер, медициналық тіркеуші, техник-дозиметрист, нұсқаушы-дезинфектор.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында:

      1) басқарушы персонал: мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі және экономика, қаржы мәселелері жөніндегі басшының орынбасарларын қоспағанда), құрылымдық бөлімшенің басшысы (әкімшілік-шаруашылық бөлігі бойынша бөлімшені қоспағанда);

      2)негізгі персонал: барлық мамандықтағы дәрігерлер және мұғалімдер, медициналық бике (медициналық аға), акушер, зертханашы, провизор (фармацевт), тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, біліктілікті арттыру курстарының әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, Еңбек мобильділігі орталығы және Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы, жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, сарапшы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші, инженер-программист (негізгі қызмет), райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, медициналық-әлеуметтік сараптама бойынша медициналық тіркеуші, инженер-технолог, инженер-конструктор (негізгі қызмет), емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, фельдшер, зертханашы (медициналық), диеталық мейіргер, фармацевт, емдік дене шынықтыру жөніндегі маман, медициналық тіркеуші, механик-протезист.

      3. Білім беру саласында:

      1) басқарушы персонал: мемлекеттiк мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсiпорынның басшысы мен басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі басшының орынбасарларын қоспағанда);

      2) негізгі персонал: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шебері, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі, әлеуметтік педагог, педагог-ассистент, психолог, арнайы педагог (дефектолог-мұғалімі, дефектолог, логопед-мұғалімі, логопед, олигофренопедагогы, сурдопедагог, тифлопедагог), педагог-ұйымдастырушы, алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі, тәрбиеші (аға тәрбиеші, білім беру ұйымдарындағы тәрбиеші және жатақхана тәрбиешісі), ана-тәрбиеші, оқытушы, спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, тікелей оқу-оқытушылық қызметпен айналысатын спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы, аға вожатый, вожатый, жастар ісі жөніндегі инспектор, аудармашы-дактилолог (білім беру ұйымдарындағы сурдоаудармашы), мәдени ұйымдастырушы (білім беру ұйымдарындағы), нұсқаушы (білім беру ұйымдарында еңбек бойынша, тікелей оқу-тәрбиелік қызметпен айналысатын, соның ішінде арнайы білім беру ұйымдарында дене тәрбиесі бойынша), дене-спорттық ұйымдардың нұсқаушы-әдіскері, жүзу жөніндегі, туризм жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, аға шебер, өндірістік оқытудың шебері, өндірістік оқытудың шебері-оқытушысы, әдіскер және аға әдіскер (мектепке дейінгі және орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, оқу-әдістемелік (әдістемелік) орталықтың (кабинеттің), дарынды балалармен жұмыс бойынша орталықтың, арнайы білім беру ұйымының), музыкалық жетекші, аккомпаниатор (негізгі қызметтер), концертмейстер (негізгі қызметтер), көркемдік жетекші, әдіскер (негізгі қызметтер), жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтер), дене шынықтыру бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтер), қосымша білім беру педагогі, зертханашы, хореограф (негізгі қызметтер), жаттықтырушы-оқытушы.

      4. Мәдениет саласында:

      1) басқарушы персонал: мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның және олардың филиалының басшысы (директоры) мен басшысының (директорының) орынбасары (әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі және экономика, қаржы мәселелері жөніндегі басшының орынбасарларын қоспағанда), көркемдік жетекші, труппа, музыкалық бөлімінің, көркемдік қойылым бөлімінің, әдеби-драмалық бөлімінің, кітапханасының, архив қоймасының меңгерушісі (басшысы), бөлім басшысы (әкімшілік-шаруашылық бөлігі бойынша бөлімді қоспағанда), қызметінің басшысы және басшының орынбасары;

      2) негізгі персонал: ғылыми қызметкер (оның ішінде бас, аға, жетекші, кіші), аккомпаниатор, концертмейстр, аккомпаниатор – концертмейстр, барлық атаулардың әртісі, музейлер қорын есепке алу архивисі, архивист, археограф (негізгі қызметтер), палеограф, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, барлық атаулардың инженері (негізгі қызметтер), кинорежиссер, кинооператор, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), музыкатанушы– лектор, мастер (негізгі қызметтер), барлық атаулардың әдіскері (негізгі қызметтер), ұжымның (үйірменің) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, қоюшы-режиссер, вокал, балет бойынша сахналық қимылды үйретуші, хормейстер, қор сақтаушы, барлық атаулардың суретшілері (негізгі қызметтер), экскурсовод, барлық мамандықтағы мұғалімдер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, ұйымдастырушы - педагог, қосымша білім беру педагогі, тәрбиеші (интернат), инженер – бағдарламашы (негізгі қызметтер), әкімші (негізгі қызметтер), археолог, сәулетші (негізгі қызметтер), режиссер ассистенті, арт-менеджер, тарихшы (негізгі қызметтер), өнертанушы, зертханашы (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші (негізгі қызметтер), музыкалық әрлеуші, продюсер, редактор (негізгі қызметтер), таксидермист, хореограф, тәрбиеші (жатақхана және интернат), суретші – реставратор, тәрбиеші.

      5. Спорт саласында:

      1) басқарушы персонал: мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның және олардың филиалының басшысы мен басшының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі және экономика, қаржы мәселелері жөніндегі басшының орынбасарларын қоспағанда);

      2) негізгі персонал: барлық мамандықтағы дәрігерлер және мұғалімдер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, тәрбиеші, медициналық бике (медициналық аға) (мамандандырылған), әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, психолог, диеталық бике, допинг бақылау инспекторы, жаттықтырушы-майлаушы, жаттықтырушы-массажшы, нұсқаушы-спортшы, хореограф, зертханашы (негізгі қызметтер), техник-кеме жүргізуші.

      6. Ветеринария саласында:

      1) басқарушы персонал: мемлекеттік мекеменің басшысы және басшының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі және экономика, қаржы мәселелері жөніндегі басшының орынбасарларын қоспағанда);

      2) негізгі персонал: ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер.

      7. Орман шаруашылығы саласында:

      1) мемлекеттiк мекеменің басшысы (директоры) және басшысының (директорының) орынбасары, ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелердің басшылары, орман өрт сөндіру стансасының бастығы;

      2) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерiмен айналысатын мамандар, барлық санаттағы орман шаруашылығы инженерлері, аңшылықтанушылар, орман күтушілер, орман күтушілердің көмекшілері, орман шеберлері, орманшылар, мемлекеттік инспекторлар (қорықшылар).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады