Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 тамыздағы № 4/41 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 қыркүйекте № 3146 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 41/442 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 23.09.2020 № 41/442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны болып Шетпе ауылының орталық алаңы белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 09.03.2017 № 7/91 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      3. Бейбіт шерулер және демонстрациялар өткізу үшін маршрут болып спорт кешенінің алаңынан бастап аудандық мәдениет үйінің ғимаратына дейінгі аралық белгіленсін.

      4. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 шілдедегі №4/29 "Маңғыстау ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі мен орындарын қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-5-134 болып тіркелген, 2012 жылы 29 тамызда №40 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      5. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Жұмалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Маңғыстау ауданының әкімі

      Айтуаров Жармаганбет Кайырмаганбетович

      "3" 08 2016 жыл

      "Маңғыстау аудандық жер қатынастары,

      сәулет және қала құрылысы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Кожаев Еркин Егеубаевич

      "3" 08 2016 жыл

      "Маңғыстау аудандық ішкі саясат және

      тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Аккулов Аскар Лакбаевич

      "3" 08 2016 жыл

      "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылық, жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Калиев Адайбек Утемисович

      "3" 08 2016 жыл

      "Маңғыстау облысының ішкі істер

      департаменті Маңғыстау ауданының

      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      бастығы

      Толенов Абылхан Айткулович

      "3" 08 2016 жыл

  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 3 тамыздағы
  №4/ 41 шешіміне
  қосымша

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша реттелген тәртібі Жалпы ережелер

      1. Осы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша реттелген тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

      2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар (бұдан әрі –акциялар) болып тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктегі арнайы белгіленген орында немесе арнайы маршрут бойынша, белгіленген күні және уақыт аралығында ауданның жергілікті атқарушы органының жазбаша рұқсатын алған Қазақстан Республикасының азаматының немесе азаматтарының қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерін, сондай - ақ наразылығын білдіруге бағытталған іс-әрекеттері танылады.

      3. Бейбіт жиналыстар мен митингілер үшін - арнайы орындар, ал шерулер мен демонстрациялар үшін - арнайы маршруттар белгіленеді.

      Пикеттер және аштық жариялау үшін арнайы орындар белгіленбейді.

      Белгіленген арнайы орындар ауданның жергілікті атқарушы органымен аталған аумақтарды тиісті түрде жабдықтауға, яғни оларды бейбіт жиналыстарды, митингілерді өткізу мақсатында қолдану үшін бейімдеуге (орындықтар, алаңшалар, қоқыс жәшіктері, жарықтандыру) тиіс.

      Арнайы орындар міндетті түрде ішкі істер органдарының жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларымен немесе объективті себептер бойынша жедел басқару орталығының мұндай камераларын орнату мүмкін болмаған жағдайда тиісті акцияларды өткізу уақытына жылжымалы бейнебақылау кешендерімен жабдықталуы тиіс.

      Ауданның жергілікті атқарушы органы аталған аумақтардың тұрақты түрде жиналуын, тазалануын қамтамасыз етуге тиіс.

      4. Акцияларды өткізу қағидаттары:

      1) заңдылығы – Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан

      Республикасының Заңдарын, осы Тәртіптің және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің талаптарын сақтау;

      2) акцияларға қатысудың еріктілігі.

Акцияларды өткізу мәселелері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының іс-әрекеттері

      5. Акцияларды өткізу туралы өтінішті беру кезінде Заңның 3 бабының талаптарын бұзу акцияларды өткізуден бас тартуға негіз бола алмайды. Мұндай жағдайларда жол берілген бұзушылықтарды жаңа өтініш беру жолымен жою туралы ұсынысты қамтитын түсіндірме сипатындағы ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің қолы қойылған ресми жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарау мерзімдері ол түскен уақыттан бастап есептеледі.

      Әртүрлі өтініш берушілерден өткізу күні бір-біріне сәйкес келетін акциялар өткізуге өтініштер түскен жағдайда ауданның жергілікті атқарушы органымен бұрынырақ түскен өтініш қаралады, ал қалғандарына акцияны өткізу күнін қайта қарау туралы түсіндірме сипатындағы жауап беріледі.

      6. Ұйымдастырушылармен бейбіт жиналыстар мен митингілер өткізу үшін белгіленбеген орын сұралған жағдайда өтініш берушілерге тиісті акцияларды арнайы бөлінген орында өткізу ұсынысымен жауап беріледі.

      7. Ауданның жергілікті атқарушы органы елдегі айтулы күндер мен оқиғаларды ұйымдастыру және өткізу қажеттілігі үшін, қоғамдық қауіпсіздікті, басқа да тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым нысандарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында акцияларды өткізуге рұқсат беруден бас тартуға құқылы.

      8. Ауданның жергілікті атқарушы органының бас тарту туралы шешімі дәлелді, Заң мен осы Тәртіптің нормаларына, сонымен қатар ұйымдастырушылардың сол немесе өзге де нормалар мен талаптардың сақталмауы көрсетілген нақты дәйектерге негізделген болуы тиіс.

      Бұдан бөлек, рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, ұйымдастырушыларға барлық дайындық іс-шараларын тоқтату және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабарландыру бойынша дереу шаралар қабылдауы керектігі, сондай-ақ, рұқсат етілмеген акцияларды ұйымдастыру және өткізу үшін заңмен белгіленген жауапкершілігі туралы түсіндірілуге тиіс.

      9. Ұйымдастырушылар дайындық іс-шараларын тоқтату бойынша өз бетімен шаралар қабылдамаған жағдайларда, ауданның жергілікті атқарушы органы өзінің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ мүмкіндігінше ұйымдастырушылар заңсыз акцияларды шақыруларын орналастырған немесе орналастырып жатқан барлық ресурстарда рұқсат етілмеген акцияларға қатысқаны үшін жауапкершілігі туралы ескертумен бірге, рұқсат беруден бас тарту туралы ақпаратты орналастырады.

Акцияларды өткізуді ұйымдастыруға әрекеттері

      10. Акцияларды өткізуді ұйымдастыруға:

      1) ауданның жергілікті атқарушы органына акцияларды өткізу туралы өтініш беру;

      өтініште көрсетіледі:

      - акциялардың мақсаты;

      - акциялардың нысаны;

      - акцияларды өткізу орны (орындары), қатысушылардың қозғалыс маршруттары;

      - акциялардың басталуы және аяқталуының күні мен уақыты;

      - қатысушылардың болжамды саны;

      -ұйымдастырушылардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, медициналық көмекті ұйымдастыру нысандары мен әдістері, дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды қолдану ниеті;

      - акцияларды ұйымдастырушылардың тегі, аты, әкесінің аты немесе атауы, олардың тұрғылықты мекен-жайы не қазіргі уақытта мекендеген жері немесе тұрған орны туралы мәліметтер және телефон нөмірлері;

      - акцияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылармен билік етушілік функцияларын орындауға уәкілетті адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары;

      - акцияларды өткізу туралы хабарландыруды беру күні;

      2) көрнекі насихат құралдарын дайындау және тарату;

      3) акцияларды ұйымдастыру және өткізу мақсатында жасалатын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да әрекеттер жатады.

      11. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған бір немесе бірнеше азаматтары акциялардың ұйымдастырушысы бола алады.

      Ұйымдастырушылар бола алмайды:

      1) сотпен әрекеті қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы тұлғалар;

      2) заңмен белгіленген тәртіпте әрекеті тоқтатылған немесе тыйым салынған немесе таратылған саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер және діни бірлестіктер, олардың аймақтық бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелері.

      12. Ұйымдастырушылардың құқықтары бар:

      1) акцияларды ауданның жергілікті атқарушы органының рұқсатында көрсетілген арнайы орындарда және арнайы маршрут бойынша және

      уақытта өткізуге;

      2) ауданның жергілікті атқарушы органынан рұқсат алған жағдайда акциялардың мақсаттарын қолдау үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, үндеу парағын тарату, плакаттар, транспаранттар, ұрандар дайындау жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де нысандарда алдын ала насихат жүргізуге;

      3) акциялардың жекелеген қатысушыларына оны ұйымдастыру және өткізу бойынша билік етушілік функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;

      4) ерікті қайырымдылықты жинауды, қарарларға, талаптарға және азаматтардың басқа да шешімдеріне қол жинауды ұйымдастыруға;

      5) азаматтардың құқығын бұзатын мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды тұлғалардың акцияларды өткізуге шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануға.

      13. Ұйымдастырушылар міндетті:

      1) ауданның жергілікті атқарушы органына Заңмен белгіленген тәртіпте акцияларды өткізу туралы өтініш беруге;

      2) өтініште көрсетілген акцияларды өткізу шарттарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) акцияларға қатысушылардан қоғамдық тәртіпті және акцияларды өткізу регламентін сақтауды талап етуге. Акцияларды ұйымдастырушылардың заңды талаптарын орындамаған тұлғалар осы іс-шараларды өткізу орнынан кетірілуге тиіс;

      4) өз құзыретінің шегінде акцияларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ал Заңда көзделген жағдайларда осы міндетті ауданның жергілікті атқарушы органының және ішкі істер органының уәкілетті өкілімен бірлесіп, олардың барлық заңды талаптарын орындай отырып, орындауға;

      5) қатысушылар құқыққа қайшы әрекеттерді жасаған жағдайда акцияларды тоқтата тұруға немесе оларды тоқтатуға;

      6) акцияларды өткізу орнында жасыл желектердің, кіші сәулет нысандарының, құрылыстар мен ғимараттардың, жабдықтардың және басқа да мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;

      7) акциялардың қатысушыларының назарына ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің акцияларды тоқтата тұру немесе тоқтату туралы талабын жеткізуге;

      8) акцияларды ұйымдастырушының айрықша белгісін иеленуге;

      9) акцияларға алкогольдік және есірткілік масаң күйіндегі тұлғалардың қатысуына жол бермеуге;

      10) акцияларды өткізу барысында жол бермеуге:

      қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарды (көрнекі, аудио/бейне), сондай-ақ көпшілік сөз сөйлеулерді дайындауға және/немесе қолдануға;

      кімнің болса да адресіне бағытталған кемсітулерге.

      14. Акцияларға қатысушылардың құқықтары бар:

      1) акциялардың мақсаттарына сәйкес шешімдерді талқылауға және қабылдауға, өзге де ұжымдық әрекеттерге қатысуға;

      2) акцияларды өткізу кезінде түрлі рәміздер мен ұжымдық немесе жеке пікірді білдірудің өзге де көпшілік құралдарын сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен тыйым салынбаған насихат құралдарын қолдануға;

      3) қарарлар, талаптар мен азаматтардың басқа да шешімдерін қабылдауға және оларды мемлекеттік билік органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен діни бірлестіктерге, халықаралық және өзге де органдар мен ұйымдарға жолдауға.

      Акцияларды өткізу кезінде оның қатысушылары міндетті:

      1) акцияларды ұйымдастырушылардың, олар өкілеттік берген тұлғалардың, ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің барлық заңды талаптарын орындауға;

      2) қоғамдық тәртіпті және акцияларды өткізудің регламентін сақтауға.

Акцияларды өткізуді тоқтату

      15. Акцияларды тоқтату негіздері болып табылады:

      1) азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне нақты қауіп төндіру;

      2) акцияларға қатысушылардың құқыққа қарсы әрекеттерді жасауы және ұйымдастырушылардың акцияларды өткізу тәртібіне қатысты Заң нормаларын қасақана бұзуы, соның ішінде алкогольді ішімдіктерді ішу, есірткі құралдарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды пайдалану.

      16. Акцияларды тоқтату тәртібі:

      1) ауданның жергілікті атқарушы органының уәкілетті өкілі акцияларды тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда:

      - ұйымдастырушыларға акцияларды тоқтатудың себебін негіздеп, нұсқау береді және 24 сағаттың ішінде аталған нұсқауды жазбаша рәсімдейді және ұйымдастырушыға тапсырады;

      - ұйымдастырушылар акцияларды тоқтату туралы нұсқауды орындамаған жағдайда, акцияларға қатысушыларға тікелей жүгінеді және акцияларды тоқтату туралы нұсқауды орындау үшін қосымша уақыт белгілейді;

      2) акцияларды тоқтату туралы нұсқауды орындамаған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып, акцияларды тоқтату бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

      Акцияларды тоқтатудың көрсетілген тәртібі жаппай тәртіпсіздік, қирату, өрт қою жағдайларында және шұғыл әрекеттерді қажет ететін басқа да жағдайларда қолданылмайды. Мұндай жағдайларда, акцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Акцияларға қатысушыларының тарапынан ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамауы немесе оларға бағынбауы (қарсылық көрсетуі) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

      17. Акцияларды өткізу шарттарын қамтамасыз ету:

      1) акцияларды ұйымдастырушылар, лауазымды тұлғалар және басқа да азаматтар акцияларға қатысушылардың қоғамдық тәртіпті және акцияларды өткізу регламентін бұзбайтын әдіспен өз пікірлерін білдіруіне кедергі келтіруге құқылы емес;

      2) акцияларды өткізуге себеп болған мәселелер жолданған мемлекеттік билік органдары осы мәселелерді мәні бойынша қарауға, олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қажетті шешімдер қабылдауға, қабылданған шешімдер туралы акцияларды ұйымдастырушыларға хабарлауға міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады