Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қарашада № 3176 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т.Далжанов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы

      21.10. 2016 жыл

      "Маңғыстау аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Шабикова Рима Нерражимқызы

      21.10. 2016жыл

  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 21 қазандағы
  № 5/52 шешімімен
  бекітілген

Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 18.05.2022 № 13/139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімдерімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғарғы мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндер және атаулы күндерге ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      5. Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасы "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабының 2) тармақшасында,11-бабының 2) тармақшасында,12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      Ескерту. 5- тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 03.10.2022 № 16/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсетудің, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндер және атаулы күндерге әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған, бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" орденімен наградталған көп балалы аналарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға (Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдардан басқалары) – 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға (1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардан басқалары) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы Кеңестер Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрыңғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге, Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген көлік батальондарының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілері, Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні:

      мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен тұлғаларға – 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) – 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) 1 қазан – Қарттар күні:

      70 жастан асқан қарттарға – 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 16-17 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескерту. 6- тармаққа өзгерістер енгізілді- Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 03.10.2022 № 16/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 4/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      7. Әлеуметтік көмек жекелеген келесі санаттағы мұқтаж азаматтарға бір рет және (немесе) мерзімді (бір рет, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі:

      1) әлеуметтік маңызды аурулары бар: қатерлі ісіктері бар, туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарға, табыстарын есепке алмай мүгедектік алғанға дейін бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген тұлғаларға, табыстарын есепке алмай бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі – өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде;

      3) өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселенген шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар, Қазақстан Республикасының "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңының 6 бабында көзделген негіздер бойынша, өмірлік қиын жағдайда жүр деп танылған адамдарға (отбасыларға) бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен артық емес;

      4) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешені, мәдениет және спорт саласында оқитын, өтініш берген айдың алдындағы он екі айда Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің үш еселенген шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар студенттерге жартыжылдықта 1 рет оқу орындарымен көрсетілетін білім беру қызметі құнының жартысының мөлшерінде және тамақтануға, тұруға кететін шығындарды ішінара өтеу үшін ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      мүгедектігі бар адамдар болып табылатын студенттерге;

      жетімдерге, балалар үйінің және балалар ауылының тәрбиеленушілеріне;

      ата-анасының екеуі де болмаса ата-анасының біреуі мүгедектігі бар адам (дар) болып табылатын немесе ата-анасының екеуі де жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын студенттерге;

      төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелет жасқа толмаған балалары бар, оның ішінде кәмелет жасқа толғаннан кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін жоғарғы оқу орнында орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасының студенттері (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін);

      5)  Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, олардың жесірлеріне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген адамдарға табысы есептелмей шипажайлық-курорттық жолдама беріледі;

      6) санаторийлік-курорттық емдеуге мүгедектігі бар баланы алып жүретін заңды өкілдердің бірінің және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды алып жүретін адамның санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар.

      Ескерту. 7 -тармақ жаңа редакцияда -Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 03.10.2022 № 16/160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді- Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 12.07.2023 № 4/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); шешімдерімен.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      9. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органдар бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Маңғыстау ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      11. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

3-тарау. Қорытынды ереже

      12. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

 
  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2016 жылғы 21 қазандағы
  №5/52 шешіміне
  қосымша

Маңғыстау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/127 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2367 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 наурызда № 11 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешімі;

      2. 2014 жылғы 21 қарашадағы №21/172 "Манғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/127 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2556 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсанда №58 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешімі ;

      3. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 25/208 "Манғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/127 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2757 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдедегі №32-33 "Жаңа өмір" газетінде жарияланған) шешімі;

      4. 2016 жылғы 28 сәуірдегі №2/15 "Манғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/127 "Манғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3048 болып тіркелген, 2016 жылы 02 маусымда "Әділет" ақпараттық –құқықтық жүйесінде жарияланған);

      5. 2016 жылғы 08 шілдедегі "Манғыстау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №15/127 "Манғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3104 болып тіркелген, 2016 жылы 08 тамызда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады