Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгілеу туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 502 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 наурызда № 6217 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 12.03.2021 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексi 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 12.03.2021 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 422 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешiмiнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5850 тiркелген, 2015 жылғы 12 қыркүйекте "Костанайские новости" газетiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 486 "Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгiлеу туралы" шешiмі жойылын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы И. Вечтейн
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы

      ______________ К. Ибрагимов

      2016 жылғы 17.02

      "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық

      сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      ______________ Г. Байжуманова

      2016 жылғы 17.02

      "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен

      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      ______________ А. Хусаинова

      2016 жылғы 17.02

      "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет

      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ Л. Сероус

      2016 жылғы 17.02

      "Қостанай облысы әкімдігінің экономика

      және бюджеттік жоспарлау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы

      ________________ А. Бекбаева

      2016 жылғы 17.02

Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности

Решение маслихата Костанайской области от 17 февраля 2016 года № 502. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 15 марта 2016 года № 6217.

      Сноска. Заголовок – в редакции решения маслихата Костанайской области от 12.03.2021 № 19 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Костанайский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и лесного хозяйства, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, за счет средств областного бюджета.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения маслихата Костанайской области от 12.03.2021 № 19 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу решение маслихата Костанайской области от 31 июля 2015 года № 422 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5850, опубликовано 12 сентября 2015 года в газете "Костанайские новости").

      Отменить решение маслихата Костанайской области от 5 января 2016 года №486 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования и культуры, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности".

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии И. Вечтейн
      Секретарь Костанайского
      областного маслихата С. Ещанов

      Исполняющий обязанности руководителя

      государственного учреждения "Управление

      образования акимата Костанайской области"

      ______________ К. Ибрагимов

      17.02.2016 года

      Исполняющий обязанности руководителя

      государственного учреждения "Управление

      здравоохранения акимата Костанайской области"

      ______________ Г. Байжуманова

      17.02.2016 года

      Исполняющий обязанности руководителя

      государственного учреждения "Управление

      координации занятости и социальных программ

      акимата Костанайской области"

      ______________ А. Хусаинова

      17.02.2016 года

      Руководитель государственного учреждения

      "Управление культуры акимата Костанайской области"

      ______________ Л. Сероус

      17.02.2016 года

      Исполняющий обязанности руководителя

      Государственного учреждения "Управление

      экономики и бюджетного планирования

      акимата Костанайской области"

      __________________ А. Бекбаева

      17.02.2016 года