Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстарды айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 99 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 наурызда № 6228 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.04.2017 № 183 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 4 наурыздағы
№ 99 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстар

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 25.04.2016 № 188 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

т/т

Жұмыстар атауы
1
"№ 3 мектебі ауданында көп қабатты тұрғын үйлер тобына кіреберіс жолдар" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары
2
алынып тасталды – Қостанай облысы әкімдігінің 25.04.2016 № 188 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3
"Қостанай ауданының Заречный ауылында "Северный" шағын ауданын газбен жабдықтау" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары
4
алынып таслады – Қостанай облысы әкімдігінің 25.04.2016 № 188 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5
"Заречный ауылынның "Северный" шағын ауданын сумен жабдықтау" нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады