Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 595 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қаңтарда № 6792 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
595 № қаулысына қосымша

Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
      2. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 145 "Әкімдіктің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет–құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5601 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
      3. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 125 "Әкімдіктің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 14 "Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет–құрылыс бақылауы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6256 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады