Мәслихаттың 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2016 жылғы 31 мамырдағы № 25 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 маусымда № 6505 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6153 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 ақпанда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) тоқсан сайын тағайындайды.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекетік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментіне (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі – портал) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11015 нөмірімен тіркелген), "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорациясына құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап ұсынады, порталға өтініш берген кезде – күнтізбелік 10 (он) күн.".
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихаттың
      екінші кезекті сессиясының
      төрағасы Д. Гусак
      Қалалық
      мәслихаттың хатшысы В. Лощинин

      "Рудный қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________________ С. Костина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады