Алтынсарин ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 132 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 тамызда № 6569 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 63 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 20.05.2020 № 63 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 27 баптарына және "Ішкi сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алтынсарин ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң экономика және ауыл шаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Ахметов

  Аудан әкімдігінің
2016 жылғы 4 шілдеде
№ 132 қаулысына қосымша

Алтынсарин ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы автодүкендерде және шатырларда (павильондарда) жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

№ р/р

Елді мекендердің атауы

Орналасу орыны

1

Танабай ауылы

Ленин көшесіндегі "Беляевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дүкенінің жаны

2

Воробьевское ауылы

Школьный көшесіндегі "Дар" жеке кәсіпкер дүкенінің жаны

3

Докучаевка ауылы

Первомай көшесіндегі "Беляевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің жаны

4

Шоқай ауылы

Школьный көшесіндегі № 17 жеке үйдің жаны

5

Ілияс Омаров атындағы ауылы

Ленин көшесіндегі жеке кәсіпкер "Издунис Татьяна Владимировна" "Тоник" дүкені және жеке кәсіпкер "Сәрсенбаева Реалда Абдыкаримовна" дүкенінің арасы

6

Жаңасу ауылы

Лесной көшесіндегі "Капсултанов Серик Тулемисович" шаруа қожалығы ғимаратының жаны

7

Свердлов ауылы

Мир көшесіндегі "Жанабек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жаны

8

Новоалексеевка ауылы

Ленин көшесіндегі жеке кәсіпкер "Житчаева Жанат Селихановна" "Хороший" дүкенінің жаны

9

Анновка ауылы

Қазақ көшесіндегі "Мельагропром" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асханасының ғимаратының жаны

10

Приозерное ауылы

Ленин көшесіндегі № 25 үйдің жаны

11

Көбек ауылы

Центральный көшесіндегі бастауыш мектебі ғимаратының жаны

12

Большая чураковка ауылы

Почтовый көшесіндегі жеке кәсіпкер "Храпач Светлана Ивановна" "Радуга" дүкенінің жаны

13

Новониколаевка ауылы

Центральный көшесіндегі "Беляевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жаны

14

Осиповка ауылы

Краснопартизанский көшесіндегі бастауыш мектебі ғимаратының жаны

15

Первомайское ауылы

Луговой көшесіндегі "LAMERC AGRO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жаны

16

Қызылағаш ауылы

Теректі көшесіндегі № 1 жеке үйдің жаны

17

Темірқазық ауылы

Бейбітшілік көшесіндегі № 6 жеке үйідің жаны

18

Щербаково ауылы

Мәриям Хәкімжанова көшесіндегі жеке кәсіпкер "Миранов Канат Серикович" "Алтыным" дүкенінің сыртқы аумағы

19

Сатай ауылы

Дружба көшесіндегі жеке кәсіпкер "Жамбекова Бахытгуль Амантаевна" "У Гули" дүкенінің сыртқы аумағы

20

Басбек ауылы

Энтузиастов көшесіндегі бастауыш мектебі ғимаратының жаны

21

Қосқұдұқ ауылы

Қазақ көшесіндегі № 1 жеке үйдің жаны

22

Обаған ауылы

Мир көшесіндегі аялдаманың жаны

23

Силантьевка ауылы

Ленин көшесіндегі "Қазпошта" АҚ ғимаратының жаны

24

Силантьевка ауылы

Мир көшесіндегі жеке кәсіпкер "Ястребова Наталья Николаевна" "Ястребок" дүкенінің жаны

25

Малая чураковка ауылы

Рабочий көшесіндегі "Черкасова Т.Н." "Мечта" дүкенінің жаны

26

Зуевка ауылы

Школьный көшесіндегі ауылдық клуб ғимаратының жаны

27

Бирюковка ауылы

Целинный көшесіндегі "Кравцов Юрий Николаевич" жеке кәсіпкер дүкенінің жанындағы аумақ

28

Красный Кордон ауылы

Парковый көшесіндегі "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аққайың" бөбекжай – бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіорыны ғимаратының мен ауылдық мәдениет үйінің арасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады