Аудан әкімінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 1 "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 сәуірде № 6308 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 27.03.2020 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 33-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудан әкімінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 1 "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4494 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 наурызда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы № 273, № 274, № 275, № 277 сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


А. Балғарин


      Әулиекөл аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      _____________ Нұрахметова Г.Қ.


  Әкімнің
  2016 жылғы 1 сәуірдегі
  шешіміне № 2 қосымша


  Әкімнің
  2014 жылғы 10 ақпандағы
  № 1 шешіміне қосымша

      №273 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Әулиекөл ауылы – 9-Пятилетка, Дорожная, Есенин, Затобольская, Индустриальная, Островского, Приозерная, Советская, Строительная, Бәйтерек, Таран, Украинская, Чехов, Комаров, Кустанайская №3-тен №79 дейінгі тақ жақ, №2/8-ден №26 дейінгі жұп жақ, Лесная №5/1-ден №9/2 дейінгі тақ жақ, №21-ден №2/2 дейінгі жұп жақ көшелері.

      № 274 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Әулиекөл ауылы – Алтынсарин №1-ден №55 дейінгі тақ жақ, №2-ден №74 дейінгі жұп жақ, Байтұрсынов №1-ден №33 дейінгі тақ жақ, Уәлиханов, Гагарин №1-ден №49а дейінгі тақ жақ, №2/1-ден № 40 дейінгі жұп жақ, Байқұлақ батыр атындағы №1-ден №29 дейінгі тақ жақ, №2-ден №46 дейінгі жұп жақ, Западная №1-ден №19 дейінгі тақ жақ, №2-ден №14 дейінгі жұп жақ, Сұлтан Еркембаев атындағы, Мамедов №1-ден №71 дейінгі тақ жақ, №4-тен №90 дейінгі жұп жақ, Омаров, Ерік Асанбаев атындағы №1-ден №27/4 дейінгі тақ жақ, №2 жұп жақ, Пушкин №1/2-ден №41/1 дейінгі тақ жақ, №2-ден №34 дейінгі жұп жақ, Сьянов №1-ден №33 дейінгі тақ жақ, №2-ден №28 дейінгі жұп жақ, Степная №1а-дан №47а дейінгі тақ жақ, №4-тен №24 дейінгі жұп жақ, Южная №1-ден №53 дейінгі тақ жақ, Алтынсарин №78-ден №90 дейінгі жұп жақ, №57-ден №75 дейінгі тақ жақ, Байтұрсынов №2-ден №56 дейінгі тақ жақ, Ерік Асанбаев атындағы №33-тен №163/2 дейінгі тақ жақ, №10-нан №126/3 дейінгі жұп жақ, 1 Май №1-ден №37 дейінгі тақ жақ, №2-ден №38 дейінгі жұп жақ, Жильгильдин, Космонавтов №1/1-ден №9/2 дейінгі тақ жақ, №2/1-ден №4/3 дейінгі жұп жақ, Тургайская №1-ден №13 дейінгі жұп жақ, №2-ден №8 дейінгі жұп жақ көшелері;

      №275 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Әулиекөл ауылы – Астана, Аманкелді №1-ден №61/2 дейінгі тақ жақ, №2-ден №34/1 дейінгі жұп жақ, Гагарин №51-ден №115/2 дейінгі тақ жақ, №24/2-ден №94 дейінгі жұп жақ, Рахимов №1-ден №61 дейінгі тақ жақ, №2-ден №46 дейінгі жұп жақ, Мамедов №73-тен №127 дейінгі тақ жақ, №92-ден №160 дейінгі жұп жақ, Степная №45/1-ден №71/1 дейінгі тақ жақ, №54/1-ден №76/1 дейінгі жұп жақ, Байтұрсынов №61-ден №75 дейінгі тақ жақ, №58-ден №94/3 дейінгі жұп жақ, Шақшақ Жәнібек батыр атындағы №1-ден №155/2 дейінгі тақ жақ, №2-ден №162/2 дейінгі жұп жақ, Тургайская №15-тен №29 дейінгі тақ жақ, №10-нан №26 дейінгі жұп жақ, Саржетім Қарабалуан батыр атындағы №1-ден №189 дейінгі тақ жақ, №2-ден №138 дейінгі жұп жақ, 10-пятилетка №1/1-ден №17/2 дейінгі тақ жақ, №2/а-дан №26/2 дейінгі жұп жақ, Кустанайская №77-ден №203/2 дейінгі тақ жақ, №30-дан №160/2 дейінгі жұп жақ, Джангилдин №3-тен №71 дейінгі тақ жақ, №2-ден №56/4 дейінгі жұп жақ көшелері;

      №277 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Әулиекөл ауылы – 50-лет ВЛКСМ, Абай, Баймағамбетов №75-тен №129/2 дейінгі тақ жақ, №78/1-ден №96 дейінгі жұп жақ, Березовая, Больничная, Восточная, Жамбыл, Дружбы, Заводская, Зеленые ряды, Киров, Лермонтов, Новая, Песчаная, Пионерская, Прибрежная, Рабочая, Мұқаш Тойқожаұлы атындағы, Спортивная, Терешкова, Трудовая, Тұрғымбаев, Фаризов, Целинная, Шаяхметов, Энергетиков көшелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады