Байланыс формасы

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 51 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 6305 болып тіркелді. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 40 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 09.04.2018 № 40 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9) тармақшасына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      Ескерту. 1 – тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 09.04.2018 № 40 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Ж. Бисимбаев

  Әкімдіктің
2016 жылғы 4 сәуір
№ 51 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 09.04.2018 № 40 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 29.11.2018 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 04.10.2019 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Әлеуметтік қамсыздандыру саласында:

      1. аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

      2. жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      3. карттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4. психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға және мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5. арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6. әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;

      7. аудандық маңызы бар жұмыспен қамту орталығы секторының басшысы;

      Білім беру саласында:

      8. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жинақталған мектептен, мектепке дейінгі ұйымнан, әдістемелік кабинеттен (орталықтан) басқа); аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық);

      9. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары; аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;

      10. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бөлім басшысы;

      11. мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;

      12. мұғалім-логопед, логопед;

      13. бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      14. кітапхана басшысы (меңгерушісі);

      15. кітапханашы;

      16. әлеуметтік педагог;

      17. мейірбике (мейіргер);

      18. емдәмдік мейірбике;

      19. бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі; педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда); психолог;

      20. тәрбиелеуші;

      21. тәлімгер;

      22. музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      23. әдіскер (негізгі қызметтердің); әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері;

      24. қосымша білім беретін педагог;

      25. дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);

      Мәдениет саласында:

      26. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының басшысы;

      27. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары;

      28. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының көркемдік жетекшісі;

      29. музыкалық жетекші;

      30. аккомпаниатор;

      31. хореограф;

      32. барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      33. қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі;

      34. кітапханашы;

      35. библиограф;

      36. барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      37. мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      38. режиссер; дыбыс режиссері;

      Спорт саласында:

      39. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі, аудандық маңызы бар қазыналық кәсіпорынының басшысы;

      40. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары;

      41. (мамандандарылған) медициналық бике/аға;

      42. аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;

      43. жаттықтырушы;

      Ветеринария саласында:

      44. ветеринариялық дәрігер;

      45. ветеринариялық фельдшер.

      Денсаулық сақтау саласында:

      46. аудандық аурухананың; аудандық емхананың басшысы;

      47. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары;

      48. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;

      49. аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі;

      50. барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      51. акушер;

      52. диеталық мейіргер;

      53. мейіргер;

      54. қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);

      55. зертханашы (медициналық);

      56. провизор (фармацевт);

      57. психолог маман;

      58. рентген зертханашысы;

      59. әлеуметтік қызметкер;

      60. фельдшер;

      61. медициналық тіркеуші;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады