Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2016 жылғы 6 маусымдағы № 30 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 маусымда № 6501 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 11 қазандағы № 267 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 11.10.2018 № 267 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Занының 6-бабына, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қарасу аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессияның төрағасы В. Журжа
      Қарасу аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Қазиев

      "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндет атқарушысы
      _________________________ А. Қазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады