Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 247 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 14 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 сәуірде № 6309 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 14 қарашадағы № 247 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5219 тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      23-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындайды.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментіне (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген, "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.
      Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қостанай аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының төрағасы

А. Кириченко

      Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы

А. Досжанов


       Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _______________ В. Панин
      1 сәуір 2016 жыл
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесі басшысының міндеттерін атқарушы
      ____________________ М. Шилина
      1 сәуір 2016 жыл
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады