"Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 35 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 6261 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 05.05.2016 № 79 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 410 Жарлығына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі В. Ионенко

  Әкімдіктің
2016 жылғы 4 наурыздағы
№ 35 қаулысымен бекітілген

"Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ереже

      1. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      Меңдіқара ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Меңдіқара аудандық балалар - жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
       7. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтіледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 5.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      13. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Миссиясы: "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың функциясын жүзеге асыру.
      15. Мiндеттерi:
      1) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асыру;
      2) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
      3) заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді іске асыру.
      16. Функциялары:
      1) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асыру;
      2) аудан аумағында спорт түрлері бойынша жарыстар өткізуді ұйымдастыру;
      3) әртүрлі спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз ету;
      4) Меңдіқара ауданының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамыту;
      5) аудан аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
      6) "Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызметін көрсету;
      7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      8) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      Ведомстволардың функциялары:
      1) спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асыру;
      2) жасөспірімдер және балалар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелік жұмысын өткізу.
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды іске асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау, сондай-ақ оған жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

      18. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      20. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      2) "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шараларды қабылдайды, жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылданбағаны үшін жеке жауапкершілікті алады;
      3) "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
      4) бұйрықтар шығарады;
      5) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды және босатады, тәртіптік жаза қолданады және ыңталандыру шараларын қабылдайды;
      6) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды іске асырады.
      "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Меңдіқара ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Меңдіқара ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Меңдіқара аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады