"Науырзым аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 21 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 маусымда № 6440 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 79 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 28.02.2017 № 79 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған "Науырзым аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Науырзым ауданы мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы Г. Әбенова

  Мәслихаттың
2016 жылғы 16 мамырдағы
№ 21 шешімімен бекітілген

"Науырзым аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Науырзым аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Науырзым аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
      1) Бағаланып жатқан жылдағы тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) –есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда өткізілмейді.
      Әлеуметтік демалыстағы "Б" корпусының қызметшілері бағалауды жұмысқа шыққаннан кейін осы Әдістеменің осы тармағында көрсетілген мерзімде өтеді.
      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Жылдық бағалау:
      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
      2) "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан;
      3) айналмалы бағалаудан құралады.
      6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар Науырзым аудандық мәслихатының хатшысы "Б" корпусы қызметшісінің қызметін бағалауды өткізу үшін Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, "Науырзым аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық–құқықтық бөлімі оның жұмыс органы болып табылады.
      7. Бағалау жөніндегі комиссия отырысы егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
      Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру бағалау жөніндегі комиссия құру туралы өкімге өзгерістер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып "Науырзым аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (бұдан әрі-бас маман) табылады. Бас маман дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың бірінші қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
      12. "Б" корпусның қызметшісі жұмысының жеке жоспарына:
      1) "Б" корпусының қызметшісі туралы дербес деректерді (Т.А.Ә. (болған жағдайда), атқаратын лауазымы, "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімшесінің атауы);
      2) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына) жетуге бағытталған, ол (олар) болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттеріне сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жұмыс іс-шараларының атауын.
      Іс-шаралар қолжетімді, іске асатын, "Б" корпусы қызметшісі жұмысының функционалды бағытымен байланысатын, нақты аяқтау нысанына ие болып көрсетіледі.
      Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органның салыстыруында анықталады;
      3) "Б" корпусы қызметшісінің және оның тікелей басшысының қолдары, жеке жоспарға қол қою күнін қамтиды.
      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана бас маманға беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Бас маман Бағалау жөніндегі комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырды.
      Бас маман бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды бағалу туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау базалық, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
      16. Базалық баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
      18. Көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігін қосу тәртібімен бес деңгейлік шкала бойынша бөлінеді. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін "Б" корпусының қызметшісіне оның тікелей басшысы бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5"-ке дейін баллға иеленеді.
      19. Айыппұл баллдары орындаушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
      20. Орындаушылық тәртіптің бұзылуына:
      1) жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу;
      2) тапсырмаларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапасыз орындау жатады.
      21. Еңбек тәртібінің бұзылуына:
      1) дәлелді себепсіз жұмыста болмау;
      2) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
      3) қызметшілердін қызметтік әдепті бұзу жатады.
      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде бас маман, "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы, әдеп жөніндегі уәкілдің құжатпен дәлелденген мәліметі болады.
      22. Әр орындаушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" балл мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін жібереді.
      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек тәртібін бұзғаны туралы бас маман және әдеп жөніндегі уәкілдің берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырады, оған түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маман және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

5. Жеке жұмыс жоспарын орындауды бағалау

      26. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
      27. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырады, оған түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
      28. Тікелей басшы келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.
      "Б" корпусы қызметшісінің бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маман және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

6. Айналмалы бағалау

      29. Айналмалы бағалау:
      1) тікелей басшыны;
      2) "Б" корпусы қызметшісіне бағыныштылардың;
      3) тікелей бағыныштылар болмаған жағдайда – "Б" корпусының қызметшісі жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымдарды атқаратын тұлғалардың (олар болған жағдайда) бағалауы болып табылады.
      30. Осы Әдістеменің 29-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың тізбесі (үштен аспайтын) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерінен және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай бас маман бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      31. Осы Әдістеменің 29-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      32. Толтырылған бағалау парақтары оларды алған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде бас маманға жіберіледі.
      33. Бас маман айналмалы бағалаудың орташа мағынасын есептеуді жүзеге асырады.
      34. Айналмалы бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

7. Қорытынды баға

      35. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:
      


      мұндағы
      


      – тоқсандық баға;
      a – көтермелеу баллдары;
      в – айыппұл баллдары.
      36. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шкала бойынша қойылады:
      80 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз"
      80-нен 105 баллға дейін – "қанағаттанарлық"
      106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді"
      130 баллдан астам – "өте жақсы".
      37. Бас маман "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      


      мұндағы
      


      – жылдық баға;
      


      – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мәні). Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 36-тармағында көрсетілген шкаланы есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) 2 балл қосылады,
      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,
      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
      


      – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мәні);
      


      – айналмалы бағалау (орта арифметикалық мәні).
      38. Жылдық қорытынды бағасы мынадай шкала бойынша қойылады:
      3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      3-тен 4 баллға дейін – "қанағаттанарлық;
      4-тен 5 баллға дейін – "тиімді";
      5 балл – "өте жақсы".

8. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      39. Бас маман Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Бас маман Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
      1) толтырылған бағалау парақтарын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
      3) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын ұсынады.
      40. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекіту;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер "Б" корпусы қызметшісі қызметінің тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте "Б" корпусы қызметшісінің жұмыс нәтижелеріне құжаттамалық растау беріледі;
      2) "Б" корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда бас маманмен қате жіберілсе.
      41. Бас маман бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.
      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бас маман танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
      42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы бас маманда сақталады.

9. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      43. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      44. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарауды жүзеге асырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      45. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
      46. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

10. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      47. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
      48. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.
      49. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі.
      50. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлемгер ретінде бекітілмейді.
      51. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендету туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
      52. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Науырзым аудандық
мәслихатының аппараты"мемлекеттік
мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
1-қосымша

      Нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

      _______________________________ жыл
      (жеке жоспар құрастырылатын кезең)
      
      Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ________________________
      Қызметшінің лауазымы: _____________________________________
      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      ___________________________________________________________

№ р/с
Іс-шаралардың атауы*
Іс-шараның нәтижесі
1
Іс-шара
 
2
Іс-шара 
 
3
Іс-шара
 
4

 

      
      Ескертпе:
      *- іс-шаралар олардың мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына) жетуге бағытталғанын, ол (олар) болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отырып анықталады. Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік орган бойынша сәйкес келуі тиіс.
      Қызметші Тікелей басшы
      Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) ______________
      күні _______________________________ күні ________________________________
      қолы ______________________________ қолы _______________________________

  "Науырзым аудандық
мәслихатының аппараты"мемлекеттік
мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
2-қосымша

      
      Нысан

Бағалау парағы

      _____________________ тоқсан _____ жыл
      (бағаланатын кезең)
      Бағаланатын "Б" корпусы қызметшісі Т.А.Ә. (болған жағдайда):
      ___________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________
      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      ________________________________________________________________
      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с
Мемлекеттік қызметшінің өзін-өзі бағалауы
Тікелей басшының бағалауы
Ескерту
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
 
1
 
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
Өзін-өзі бағалау нәтижесі:
Бағалау нәтижесі:
 

      
      Қызметші Тікелей басшы
      Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) ______________
      күні _______________________________ күні ________________________________
      қолы ______________________________ қолы _______________________________

  "Науырзым аудандық
мәслихатының аппараты"мемлекеттік
мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
3-қосымша

      Нысан

Бағалау парағы

      _________________________________________________ жыл
      (бағаланатын жыл)
      
      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________
      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      ________________________________________________________________
      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с
Атауы
Маңызы
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері
Басшының бағалау нәтижелері
Ескерту
1
Іс-шара
 
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
2
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
3
Іс-шара
2-ден 5 ке дейін
 
 
 
4

 
 
 
 

      
      Қызметші Тікелей басшы
      Т.А.Ә. (болған жағдайда) _____________ Т.А.Ә. (болған жағдайда) ______________
      күні _______________________________ күні ________________________________
      қолы ______________________________ қолы _______________________________

  "Науырзым аудандық
мәслихатының аппараты"мемлекеттік
мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
4-қосымша

      Нысан

Айналмалы бағалау нәтижелері

      __________________________________________________ жыл
      (бағаланатын жыл)
      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда): ___________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________
      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
      ________________________________________________________________

№ р/с

Құзыреттің атауы

Маңызы

Баға (балл)

Тікелей басшы

1.

Бастамашылығы

2-ден 5 ке дейін

2.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5 ке дейін

3.

Қызметтік әдепті сақтау

2-ден 5 ке дейін

БАРЛЫҒЫ:

Бағынышты қызметкер

1.

Жұмысты жоспарлай білу

2-ден 5 ке дейін

2.

Жұмысқа негіздей білу

2-ден 5 ке дейін

3.

Қызметтік әдепті сақтау

2-ден 5 ке дейін

БАРЛЫҒЫ:

Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей білу

2-ден 5 ке дейін

2.

Қызметтік әдепті сақтау

2-ден 5 ке дейін

БАРЛЫҒЫ:

      

  "Науырзым аудандық
мәслихатының аппараты"мемлекеттік
мекемесінің "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
5-қосымша

      Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ______________________________________________________
      (мемлекеттік органның атауы)
      
      _____________________________________________________________
      (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең
      
      (тоқсан және (немесе) жыл)
      Бағалау нәтижелері

№ р/с

Қызметшілердің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Комиссияның бағалау нәтижелерін түзету (болған жағдайда)

Комиссияның ұсыныстары

1.

2.

...

      
      Комиссия қорытындысы:
      ________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
      Комиссия төрағасы: _______________________ Күні: _____________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшесі: _________________________ Күні: _____________
      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады