Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 160/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 41/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 наурызда № 5031 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 27/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 18.01.2021 № 27/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 160/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4587 болып тіркелді, 2015 жылғы 17 шілдеде "Регион.kz" газетінде жарияланды) келесідей өзгерістер енгізсін:

      көрсетілген қаулының барлық мәтіні бойынша және көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінде:

      1) "Туберкулезге қарсы ұйымдардан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде "халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылсын, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" сөздерімен ауыстырылсын;

      2) "Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде "Психоневрологиялық диспансерден" сөздері "Психоневрологиялық ұйымнан" сөздерімен ауыстырылсын, "Павлодар облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО)" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-да" сөзі "Мемлекеттік корпорацияда" сөздерімен ауыстырылсын, "халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-да" сөзі "Мемлекеттік корпорацияға" сөздерімен ауыстырылсын;

      ", тиісті анықталған жағдайлар кезінде қосымша медициналық қарауға психоневрологиялық диспансерге жіберіледі", "Қазақстан Республикасының азаматына" сөздері алынып тасталсын;

      3) "Наркологиялық диспансерден анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде "Наркологиялық диспансерден" сөздері "Наркологиялық ұйымнан" сөздерімен ауыстырылсын, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚО)" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-да", "ХҚКО-да" сөздері "Мемлекеттік корпорацияда" сөздерімен ауыстырылсын, "халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚКО" сөзі "Мемлекеттік корпорация" сөздерімен ауыстырылсын;

      ", тиісті анықталған жағдайлар кезінде қосымша медициналық қарауға наркологиялық диспансерге жіберіледі", "Қазақстан Республикасының азаматына" сөздері алынып тасталсын;

      4) "Дәрігерді үйге шақыру"; "Дәрігердің қабылдауына жазылу"; "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу"; "АИТВ-инфекцияның болуына ерікті анонимді және міндетті кұпия медициналық тексерілу"; "Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру"; "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру"; "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру"; "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру", "Фармацевтикалық қызметке лицензия беру"; "Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру"; "Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық консультациялық диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәрiхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық бiлiмi бар мамандарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінде "халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "Мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" сөздерімен ауыстырылсын, "Павлодар облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" сөздерімен ауыстырылсын;

      5) "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде "хаттама" сөзі "хаттамадан көшірме" сөздерімен ауыстырсын, "хаттамаларды" сөзі "хаттамалардан көшірмелерді" сөздерімен ауыстырылсын, "хаттаманы" сөзі "хаттамадан көшірмені" сөздерімен ауыстырылсын, "1 (бір) жұмыс күні ішінде" саны мен сөздері "3 (үш) жұмыс күні ішінде" санымен және сөздерімен, "2 (екі) жұмыс күні" саны мен сөздері "4 (төрт) жұмыс күнінен асырмай" санымен және сөздерімен ауыстырылсын, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚО)" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" сөздерімен ауыстырылсын, "халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-ға" сөзі "Мемлекеттік корпорацияға" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО" сөзі "Мемлекеттік корпорация" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-мен" сөзі "Мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылсын;

      6) "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" сөздерімен ауыстырылсын, "халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылсын, Орталыққа, "ХҚО-ға" сөздері "Мемлекеттік корпорацияға" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-ның" сөзі "Мемлекеттік корпорацияның" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО" сөзі "Мемлекеттік корпорация" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚО-мен" сөзі "Мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылсын;

      7) "Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде "Павлодар облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық)" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)" сөздерімен ауыстырылсын, "Халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "Мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылсын, "Орталыққа", "ХҚКО-на" сөздері "Мемлекеттік корпорацияға" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚКО" сөзі "Мемлекеттік корпорация" сөздерімен ауыстырылсын, "ХҚКО-мен" сөзі "Мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады