Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 56/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қыркүйекте № 5237 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 23/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 22.04.2021 № 23/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Оспанова
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский

  Павлодар облыстық
мәслихатының 2016 жылғы
17 тамыздағы № 56/6 шешімімен
бекітілді

Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында
жануарларды ұстау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар Павлодар облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:

      1) жануарлар - фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы және үй, жабайы жануарлар;

      2) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары;

      3) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және аралардың барлық түрлері;

      4) жабайы жануарлар – табиғи тіршілік ету ортасы жабайы табиғат болып табылатын, сонымен қатар еріксіз немесе жартылай бостандықта мекендейтін жануарлар;

      5) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

      6) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;

      8) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені.

2. Жануарларды тіркеу тәртібі

      4. Меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға тиесілі барлық жануарлар, оның ішінде ауыл шаруашылығының, үй, жабайы жануарлар, сондай-ақ иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін жыртқыш және улы жануарлар – ветеринарлық паспортты беру жолымен есепке алуға және тіркеуге жатады.

      5. Әрбір тіркелген ауыл шаруашылығы жануарға сәйкестендіру нөмірі мен жануардың бүкіл өмір бойына жарамды ветеринариялық паспорт беріледі. Жануарлардың сәйкестік нөмірін беру жапсыру, чиптау немесе таңба салу арқылы іске асырылады.

      6. Сатып алғанда немесе иесі мекен-жайын ауыстырғанда жануарлар иесінің жаңа мекен-жайы бойынша екі апта мерзім ішінде тіркелуі керек.

      7. Жануар мерт болған және ауыл шаруашылығы жануары сойылған жағдайда ветеринариялық паспорты мен сәйкестендіру нөмірін тасушы бұрын сол жануар тіркелген органға немесе мекемеге тапсырылады.

      8. Тіркеу органы жануардың қолдан кетуі (сату, жоғалу, сойылу, мерт болуы, басқа тұлғаға беру) туралы оны есептен шығару немесе қайта тіркеу үшін екі апта мерзімінде хабарланады.

3. Жануарларды ұстау тәртібі

      9. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, өсіру санитарлық аймақтарға қойылатын талаптарға және жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринариялық нормативтеріне сәйкес жүргізіледі.

      10. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес анықталатын санитариялық және су қорғау аймақтарының шекараларында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға, өсіруге, бағуға тыйым салынады.

      11. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолданыстағы зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық нормаларға сәйкес және экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, тұрғын үйлерден, мектептерден, медициналық және мектепке дейінгі мекемелерінен, бақтардан, хайуанаттар бақтарынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру, сауда және тамақ өнеркәсібі мекемелерінен, демалыс орындарынан, балаларды сауықтыру орындары мен шипажайлардан, жасанды су айдындарынан, артезиан құдықтарынан, су көздерінен қашықта орналасқан арнайы жабдықталған орындарда ұстау керек.

      12. Жеке тұрғын үйлерде ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтаған жағдайда қолданыстағы зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық нормаларға сәйкес және экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, арнайы жабдықталған орындарда ауыл шаруашылығы жануарлары ұстауға рұқсат етіледі.

      13. Елді мекеннің ауа кеңістігінен жабайы құстар ұшып өтетін мезгілде құс иелері құстарын жұқпалы ауруларды таратушы болуы мүмкін ұшып өтетін жабайы құстармен қатынасты болдырмайтын жабық орындарда ұстау керек.

      14. Жануарларды асырайтын орындар апта сайын механикалық тәсілімен тазалануы және зарарсыздандырылуы тиіс: жануарлардың нәжістері мен саңғырықтары, азықтарының қалдықтары және қоқыстар уақтылы арнайы белгіленген орындарға шығарылады.

      15. Көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, темір жол мен автокөлік жолдарына тиесілі аймақтарда, сондай-ақ қоғамдық орындарда ауыл шаруашылығы жануарларын бағуға тыйым салынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын алып жүруші тұлғаның бары міндетті кезде жергілікті атқарушы органдарымен белгіленген жайылымдық жер телімдерінде жайылады. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайғанда және айдап өткенде тұрғындардың қауіпсіздігіне шарт бойынша осы функцияларды орындауға белгіленген тұлға жауапты болады.

      16. Қала мен ауданның тұрғын үй қорының пәтерлерінде (көп қабатты тұрғын үйлер) ауыл шаруашылығы мен жабайы жануарларын ұстауға тыйым салынады.

      17. Жануарлар мен құстарды мектепке дейінгі мекемелердің, мектептердің, және басқа ұйымдар мен мекемелердің зоологиялық бұрыштарында ұстау ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті органның келісімімен рұқсат етіледі.

      18. Жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, су бұрқақтарда, су қоймаларында және су бөгеттерінде суаруға тыйым салынады.

      19. Елді мекендердің аумақтарында жануарлардың өліктерін тастауға, сондай-ақ оны өз бетінше көмуге тыйым салынады. Жануарлардың өліктері мамандандырылған мекемелерге тапсырылады және арнайы белгіленген орындарда жойылуға жатады.

      20. Жануарларды ұстау қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11003 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі "Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы" № 16-07/307 бұйрығына сәйкес жойылуға жатады.

      21. Адамдардың денсаулығына және жануарларға қауіп туғызатын жануарларды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Егер жануар клиникалық сау деп танылған жағдайда, иесіне қайтарылады.

      22. Санитариялық және су қорғау аймақтарында, көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерде, өзге де көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда қараушысыз бос жүрген жануарлар қараусыз жануарлар деп есептеледі және арнайы жабдықталған орындарға иесі табылғанға дейін қамауға жатады. Қамауға алынған қараусыз жануарларды ұстау, иесіне қайтару және иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабымен белгіленеді.

      23. Қараусыз жануарларды жеткізу, тасымалдау, күзету және арнайы жабдықталған орында ұстау үшін шыққан шығындардың орнын қараусыз жануарларды ұстауға жауапты кәсіпорын берген шоттарға сәйкес жануарлардың иелері өтейді.

      24. Үй жануарларына қарау тәртібі, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10183 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы "Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы" № 16-02/701 бұйрығымен белгіленген.

      25. Жануарларды ұстаудың міндетті шарты болып аса қауіпті инфекциялық ауруларға қарсы вакцинациялау, паразитарлық ауруларға қарсы өңдеу, тұрғылықты мекен-жайға қарасты ветеринариялық емханаларда диагностикалық зерттеуден өткізу болып табылады.

      26. Қандай жағдай болмасын жануар иелері науқастанған жағдайда немесе ауру байқалған сәтте ветеринарлық мекемеге хабарласып, зерттеу нәтижелері бойынша маманның нұсқауын мүлтіксіз сақтауы қажет.

4. Жануарлардың орын ауыстыруы және өткізу

      27. Жануарларды белгіленбеген орындарда және ветеринариялық құжаттарсыз сатуға тыйым салынады. Жануарларды өткізу нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 10131 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген жануарларды өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      28. Жануарларды облыс, қала, елді мекен, ауылдық аймақ және ауыл аумағынан тыс жерге тасымалдау қала мен ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар берген ветеринариялық паспорты мен ветеринариялық өңдеулер жүргізілгендігі туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі ветеринариялық анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.

      29. Облыс, қала мен аудандардың аумағына шет мемлекеттерден жануарларды алып келу Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ветеринария саласындағы уәкілетті органның рұқсаты болғанда жүзеге асырылады.

      30. Жануарларды автомобиль, әуе, су және теміржол көліктерінде тасымалдау осы көліктердің түрлерінде Жануарларды тасымалдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Жануарларды Павлодар облысы аумағынан тыс жерлерге көшіру нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 6321 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы" № 367 бұйрығына, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11898 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 7-1/453 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағуды ұйымдастыру тәртібі

      32. Жеке сектордың ауыл шаруашылығы жануарларын бағуды қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері ұйымдастырады және тиісті елді мекеннің тұрғындарының жалпы жиналысында ұсыныстар енгізеді.

      33. Көшелерде, бақтарда және өзге де көпшілік жиналатын қоғамдық орындарда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын бағуға рұқсат етілмейді.

6. Жануарлар иелерінің құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. 6 тарау алынып тасталды - Павлодар облыстық мәслихатының 06.12.2016 № 72/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

7. Қорытынды ережелер

      36. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жануар иесі Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      37. Осы қағидалардың орындалуын бақылау жергілікті атқарушы органдармен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдары жүзеге асырады.

      38. Осы Қағиданың қолданылуы меншік нысанына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан жануарлардың барлық иелеріне, жеке және басқадай меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады