Жергілікті деңгейде техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 15 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қаңтарда № 5337 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімінің 08.08.2017 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия отырысының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 6 хаттамасы негізінде, Павлодар қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кәріз коллекторында орын алған апатқа байланысты Павлодар облысының Павлодар қаласында жергілікті деңгейде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Балашов төтенше жағдайларды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Н. Әшімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады