2016 жылға Ақсу қаласының ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 538/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 шілдеде № 5166 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 1006/11 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 13.12.2016 № 1006/11 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысандарына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан Ақсу қаласының ұйымдарында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан 2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Дүйсимбинов

  Ақсу қаласы әкімінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 538/6 қаулысына
қосымша

2016 жылға мүгедектер үшін жұмыс орны квотасы белгіленген
ұйымдардың тізбесі

№ п/п
Ұйымдар тізбесі
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектерге арналған жұмыс орындар квотасы, %.
1
"Қазхром" ТҰК" АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты
4
2
"Еуразиаттық энергетикалық корпорация" АҚ
4
3
"Энергетик" пәтер иелерінің тұтыну кооперативі
2
4
Ақсу қаласы әкімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу су арнасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2
5
Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Сауықсервис" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
2
6
"Павлодар обласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ақсу медициналық - әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3
7
Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
4
8
"Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2
9
Ақсу қаласы әкімдігі, "Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Ақсу қаласының мәдени бос уақыт орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
3
10
"Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2
11
"Үштерек және К" ЖШС
2
12
"Қызылжар-Құс" ЖШС
2
13
"МежГорТранс-Ақсу" ЖШС
3
14
"Горкомхоз" ЖШС
2
15
"Гарант – Сервис" монтаждау - жөндеу кәсіпорны" ЖШС
3
16
"Еуразия" Медициналық орталығы" ЖШС Ақсу филиалы
4
17
"AKSUTRANSLOGISTIC" ЖШС
3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады