Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 40/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 167/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 09 қыркүйекте № 5231 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 368/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 18.11.2019 № 368/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Железин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы" № 40/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актіледі мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4997 болып тіркелді, 2016 жылғы 18 наурыздағы ауданның № 11 "Туған өлке" және "Родные просторы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Абушахманов

  Павлодар облысы
Железин ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 12 тамыздағы
167/8 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен
өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын
бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

№ р/с

Атауы

1.

Аудандық жергілікті атқарушы органмен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын дамудың бюджеттік бағдарламасы шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу

2.

Егер сатып алуға бөлінген лот сомасы (тармақ жоспары) айлық есептік көрсеткіштен он бес мың есе асқанда, аудан тапсырыс берушілерінің бастамасы бойынша конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу

3.

"Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасы аясында жоба бойынша жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыс және қызмет көрсету туралы мемлекеттік сатып алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады