Байланыс формасы

Железин ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железинка аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 290/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 5318 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің төмендегідей тізімдік саны бар ұйымдарға қосымшаға сәйкес:
      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
      екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Б. Кималиденовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі К. Абушахманов

  Железин ауданы
әкімдігінің 2016 жылғы
"20" желтоқсандағы
№ 290/12 қаулысына
қосымша

Железин ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы


Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
"Железин ауданының Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
53
2
1
2
"Железин ауданының Ш. Уәлихан атындағы жалпы білім беру орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
56
2
1
3
"Железин жалпы білім беру № 1 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
95
2
2
4
"Железин ауданының Т.П. Праслов атындағы Прииртышск жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі
69
2
1
5
"Железин ауданының Жаңа жұлдыз ауылының жалпы білім беру орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
73
2
1

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады