Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округі Ұзынсу ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 шілдедегі № 8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 шілдеде № 5165 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімінің 2016 жылғы 28 шілдедегі N 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімінің 28.07.2016 N 10 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2016 жылғы 12 шілдедегі № 4 хаттамасы негізінде, Ертіс ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қараталақ ауруы ошағының анықталуына байланысты Ертіс ауданы Ұзынсу ауылдық округі Ұзынсу ауылы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Ертіс ауданы әкімінің орынбасары Б.К. Шәріпов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі В. Дубовицкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады