Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі "Ертіс ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 214/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 202/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қыркүйекте № 5230 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі "Ертіс ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы" № 214/6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 4631 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 тамызда аудандық № 31 "Ертіс Нұры" және № 31 "Иртыш" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1 және 3 қосымшалары жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі В. Дубовицкий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады