Ертіс ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 354/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 5295 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 344/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің 16.11.2021 № 344/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Рсепубликасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ертіс ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің төмендегідей тізімдік саны бар ұйымдарға қосымшаға сәйкес:

      елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ертіс ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "30" қарашадағы
№ 354/7 қаулысына
қосымша

Ертіс ауданы бойынша мүгедектерге арналған
жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Үлес мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Абай" атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

195

3%

6

2

"Ертіс - комсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

52

2%

1

3

"Ертіс" тәжірибе шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

152

3%

5

4

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Ертіс аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

64

2%

1

5

Ертіс ауданы әкімдігінің, Ертіс ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Ертіс ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

57

2%

1

6

Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ертіс орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

260

4%

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады