Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 10/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 мамырда № 5107 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 шілдедегі № 299/61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 15.07.2020 № 299/61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Успен ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 наурыздағы (V сайланған, кезекті XLІІI сессиясы) "Успен ауданының Успен ауылында жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізуді қосымша регламенттеу туралы" 240/43 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 14 сәуірде № 4423 тіркелген, 2015 жылғы 25 сәуірдегі ауданның № 16 "Аймақ ажары" газетінде, 2015 жылғы 25 сәуірдегі ауданның № 16 "Огни села" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Смағұлова
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова

  Успен аудандық
мәслихатының (VІ сайланған
ІІ кезекті сессиясы)
2016 жылғы 13 сәуірдегі
№ 10/2 шешімімен
бекітілді

Успен ауданы аумағында бейбiт жиналыстар,
митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар
өткiзудің қосымша тәртібі

      1. Успен ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі (бұдан әрі – Қосымша тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізу үшін "Успен ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Успен ауданы әкімінің аппараты) өтініш беріледі.

      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдері бередi.

      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген күнінен кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты тұлғалардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген күні көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi Успен ауданы әкімінің аппаратында тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

      5. Успен ауданы әкімінің аппараты өтінішті қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзу туралы өтініш беру барысында осы Қосымша тәртіптің 4 тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Успен ауданы әкімінің аппараты осы бұзушылықтарды жаңа өтініш берген кезде жою туралы ресми түрде ұсыныс береді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі өтініш түскен сәттен бастап саналады.

      7. Успен ауданы әкімінің аппараты басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, өзге де инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жас көшеттер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге де уақыты мен жерін ұсынады.

      8. Егер, Успен ауданы әкімінің аппараты митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрациялардан бас тартатын болса, онда ұйымдастырушылар ықтимал қатысушыларға барлық дайындық жұмыстардың күші жойылғаны туралы шаралар қабылданғанын міндетті түрде хабарлауы қажет.

      9. Успен ауданы аумағында митингілер мен жиналыстар өткізетін орындар болып келесі орындар белгіленсін:

      а) Успен ауылы, Орталық алаң;

      б) Успен ауылы, Аудандық мәдениет үйі алдындағы алаң.

      10. Успен ауданы аумағында шерулер мен демонстрацияларды өткізу үшін келесі бағыттар белгіленсін:

      а) Успен ауылы, Тәуелсіздікке 10 жыл көшесімен, Ленин көшесінен Милевский көшесіне дейін;

      б) Успен ауылы, № 3 Успен жалпы орта білім беру мектебінен Баюка, Ленин көшелері бойымен Орталық алаңға дейін.

      11. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      12. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

      13. Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға тыйым салынатын іс-шаралар:

      1) көлiк және жаяу жүргiншiлер қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) Успен ауданы әкімінің аппараты рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) жас көшеттерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      5) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      6) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

      7) алкогольды және есірткілік масаңдық күйде қатысуына.

      14. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрацияларды өткізу орындарында алкогольды ішімдіктерді ішуге, есірткілік құралдарды, психотроптық заттарды және олардың аналогтары мен прекурсорларын қолдануға, транспоранттарды, ұрандарды және басқа да материалдарды (көрнекті, аудио және видео) пайдалануға, құрамында қоғамдық тәртiпті бұзуға, қылмыс жасауға үндейтін, сондай-ақ кімнің болса да атына тіл тигізетін сөздері бар мағынада көпшілік алдында сөйлеуге жол берілмейді.

      15. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес белгіленген мерзімде және шартталған орында өткізілуі тиіс.

      16. Пикетиеу кезінде рұқсат етіледі:

      1) пикет өткізілетін объектіде тұру, отыру;

      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалану;

      3) пикет тақырыбы бойынша слогандар, қысқа ұрандар айту.

      17. Пикетті өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрацияға) өзгерткен жағдайда белгіленген тәртіппен Успен ауданы әкімі аппаратынан рұқсат алу қажет.

      Успен ауданы әкімінің аппараты бір күнде, бір уақытта және бір орында 3-тен аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін.

      Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет.

      18. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті және демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, Успен ауданы әкімінің аппараты бұларды өткiзуге тыйым салады.

      19. Қорғаныс қауіпсіздігін және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен) денсаулық сақтау және бiлiм беру мекемелерiнiң жанында бұқаралық шараларды өткiзуге тыйым салынады.

      20. Егер өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, сондай–ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар Успен ауданы әкімінің аппараты өкілінің талап етуі бойынша сөзсіз тоқтатылуы тиіс.

      21. Успен ауданы әкімінің аппараты өкілінің талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикеттеуді және демонстрацияны тоқтату бойынша қажеттi шаралар қолданады.

      22. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап бередi.

      23. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасауы тиiс.

      24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитариялық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiнде туындаған барлық қосымша шығындарды олардың ұйымдастырушылары өтейдi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады