Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындалатын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді айқындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 72/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 наурызда № 5022 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 242/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 25.07.2019 № 242/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін Шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      2. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастарушы орындалатын бюджеттік бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Тапсырыс берушілер, жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілері тапсырыс берушілердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге қажетті құжаттарды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Ыбыраев

  Шарбақты ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "16" наурыздағы
№ 72/2 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бойынша
мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын
бюджеттік бағдарламалары және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 11.12.2018 № 479/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Атауы

1

Ауданның жергілікті атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының аясында конкурс (аукцион) әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу

2

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы үш мың айлық есептік көрсеткіштен артық болған жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, тұрғын үйді конкурс (аукцион) әдісімен сатып алу

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады