Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 420 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 сәуірде № 1271 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 08.12.2023 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, V сайланған Aлматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. алып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 16.09.2016 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).

      2. Aлматы қаласы мәслихатының "Aлматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1194 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 тамызда "Aлматы ақшамы" және "Вечерний Aлматы" газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген, Aлматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:

      3 бөлімдегі:

      25 тармақ келесі cөйлеммен толықтырылсын:

      "Әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеген және өзгерткен кезде тиындармен есептелген сомалар бір теңгеге дейін дөңгелектенеді.".

      3. Aлматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Aлматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Aлматы қаласы әкімінің орынбасары A. Қырықбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      V сайланған Aлматы қаласы
      мәслихатының LI сессиясының
      төрағасы Ә. Нәбиев
      V сайланған Aлматы қаласы
      мәслихатының хатшысы Қ. Қазанбаев

О внесении изменений и дополнения в некоторые решения маслихата города Алматы

Решение внеочередной LI-й сессии маслихата города Алматы V созыва от 11 марта 2016 года N 420. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 4 апреля 2016 года за N 1271. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 8 декабря 2023 года № 73

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Алматы от 08.12.2023 № 73 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", маслихат города Aлматы V-го созыва РЕШИЛ:

      1. Исключен решением маслихата города Алматы от 16.09.2016 года № 32 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Внести в решение маслихата города Aлматы от 23 июля 2015 года № 347 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Aлматы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1194, опубликованное 18 августа 2015 года в газетах "Aлматы ақшамы" и "Вечерний Aлматы") следующее дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Aлматы, утвержденных указанным решением:

      в разделе 3:

      пункт 25 дополнить следующим предложением:

      "При исчислении и изменении размеров социальных выплат суммы, исчисленные в тиынах, округляются до одного тенге.".

      3. Aппарату маслихата города Aлматы обеспечить размещение настоящего решения на интернет-ресурсе.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по социальным вопросам и общественному согласию маслихата города Aлматы Н. Мулюковой и заместителя акима города A. Кырыкбаева (по согласованию).

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие с 1 января 2016 года.

      Председатель LI-й сессии
маслихата города Aлматы
V-го созыва
A. Набиев
      Секретарь маслихата
города Aлматы V-го созыва
К. Казанбаев