V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІХ сессиясының "Алматы қаласында мысықтарды ұстау Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 28 тамыздағы № 157 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының V сессиясының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 17 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 маусымда № 1291 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 223 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 17.04.2018 № 223 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІХ сессиясының "Алматы қаласында мысықтарды ұстау Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 28 тамыздағы № 157 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 4 қазанда № 1003 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қазандағы "Алматы ақшамы" №124 және "Вечерний Алматы" №128 газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бас тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Алматы қаласында мысықтарды ұстау және серуендету Қағидасын бекіту туралы";

      аталған шешіммен бекітілген, Алматы қаласында мысықтарды ұстау Қағидасындағы:

      3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Қағида Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес әзірленді.";

      2 тарау келесі мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Мысықтарды ұстау кезінде иелері келесі талаптарды сақтайды:

      1) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлайды:

      мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төлі мен оның өткізілгені туралы;

      жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдік келтірілген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолданады;

      2) үй жануарларын уақтылы бірдейлендіруді қамтамасыз ету;

      3) биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жануарларды дұрыс тіршілігі үшін қеректі мөлшерде азықпен және сумен қамтамасыз ету, оларды қараусыз қалдырмау, жануарларға ізгілікпен қарау;

      4) өздерінің үй жануарларының ветеринария-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тері-паразитарлық ауруларға және гельминттерге қарсы уақтылы вакцинация мен диагностиканы қамтамасыз етеді;

      5) мемлекеттік ветеринариялық мал дәрігерлеріне олардың негізделген талабы бойынша клиникалық қарауға, диагностикалық зерттеуге және емдеу-алдын алу шаралары, егу мен вакцинация жұмыстарын жүзеге асыру үшін жануарларды кедергісіз көрсетеді.".

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К. Авершинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін (келісім бойынша).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VІ сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      V сессиясының төрағасы Р. Алшанов
      VІ сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      хатшысы Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады