Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/105 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/436 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қазанда № 1322 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 3/391 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 25.09.2020 № 3/391 (алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 281 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1281 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 мамырда "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) аталған қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады;

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.";

      5 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "6) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі, рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан берілетін үзінді хат немесе Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту.";

      8 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "8. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.

      Стандарттың 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, 21 (жиырма бір) жұмыс күнін құрайды".

      Құжаттар топтамасын өткізу үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      Қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.".

      Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес аталған регламенттің қосымшасы жаңа редакцияда бекітілсін.

      2) аталған қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады;

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.";

      5 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "6) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі, рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан берілетін үзінді хат не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту.";

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – алдын ала кепілдік хаты не қаржы агенттігінің уәкілетті органдарының теріс шешімінің себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарламасы;

      180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме";

      8 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "8. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырғаннан кейін Стандарттың 4 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі келесіні құрайды:

      180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша - қаржы агенттігі екінші деңгейдегі банктен/Даму банкінен (бұдан әрі - Банк) құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

      Ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулер және/немесе ақпаратты беру туралы сұратуды көрсетілетін қызмет беруші оларды жою үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алған күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      Егер көрсетілетін қызметті алушы мен қаржы агенттігінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асатын болса, онда бұдан кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Веб-портал 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін - 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде.

      Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды қаржы агенттігі жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкке жолдайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

      Банк қаржы агенттігіне көрсетілетін қызметті алушыдан "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.

      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 30 (отыз) минут;

      Рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 1 (бір) сағат.".

      Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес аталған регламенттің қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      3) аталған қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі грант беру туралы шарт не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.";

      5 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "6) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі, рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан берілетін үзінді хат, не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту.";

      8 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "8. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тәртібінде көрсетіледі.

      Стандарттың 4 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, 48 (қырық сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      Құжаттар топтамасын өткізу үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      Қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.".

      Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес аталған регламенттің қосымшасы жаңа редакцияда бекітілсін.

      4) аталған қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

      3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздемелер бойынша дәлелді бас тарту болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.".

      2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы осы қаулының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуін жүргізсін, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияласын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 3/436 қаулысына
1 қосымша
  "Бизнестің жол картасы – 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесінің бір
бөлігіне субсидия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің
бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
бизнес-процестерінің анықтамалығы



  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 3/436 қаулысына
2 қосымша
  "Бизнестің жол картасы – 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері
бойынша кепілдіктер беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері
бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің
бизнес-процестерінің анықтамалығы



  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 3/436 қаулысына
3 қосымша
  "Бизнестің жол картасы – 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде мемлекеттік
гранттар беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай
бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы



О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 25 марта 2016 года № 1/105 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательской деятельности, оказываемых в городе Алматы"

Постановление акимата города Алматы от 14 сентября 2016 года № 3/436. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 11 октября 2016 года № 1322. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 25 сентября 2020 года № 3/391

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 25.09.2020 № 3/391 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", руководствуясь приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 июня 2016 года № 281 "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 352 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере предпринимательства", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Алматы от 25 марта 2016 года № 1/105 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере поддержки предпринимательской деятельности, оказываемых в городе Алматы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1281, опубликованное 5 мая 2016 года в газете "Вечерний Алматы и "Алматы ақшамы") следующие изменения и дополнения:

      в регламенте государственной услуги "Предоставление субсидирования части ставки вознаграждения по кредитам в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса 2020", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Результатом оказываемой государственной услуги является выписка из протокола заседания Регионального координационного совета либо мотивированный отказ по основаниям, предусмотренным пунктом 9-1 Стандарта.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

      Государственная услуга оказывается на бесплатной основе физическим и юридическим лицам (далее – услугополучатель).";

      подпункт 6) пункта 5 изложить в новой редакции:

      "6) выдача результата оказания государственной услуги специалистом услугодателя, результат процедуры – письмо услугополучателю с выпиской из протокола заседания Регионального координационного совета, либо мотивированный отказ по основаниям, предусмотренным пунктом 9-1 Стандарта.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Прием заявлений и выдачи результатов оказания государственной услуги осуществляется с 9.00 часов до 18.00 часов с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.00 часов, кроме выходных и праздничных дней, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан. Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      Согласно пункту 4 Стандарта срок оказания государственной услуги составляет 21 (двадцать один) рабочий день со дня сдачи пакета документов услугодателю.

      Максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов – 30 (тридцать) минут;

      Максимально допустимое время обслуживания – 20 (двадцать) минут.".

      Приложение к указанному регламенту утвердить в новой редакции, согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      в регламенте государственной услуги "Предоставление гарантий по кредитам субъектов частного предпринимательства в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса 2020", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Результатом оказываемой государственной услуги является выписка из протокола заседания Регионального координационного совета либо мотивированный отказ по основаниям, предусмотренным пунктом 9-1 Стандарта.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

      Государственная услуга оказывается на бесплатной основе физическим и юридическим лицам (далее – услугополучатель).";

      подпункт 6) пункта 5 изложить в новой редакции:

      "6) выдача результата оказания государственной услуги специалистом услугодателя, результат процедуры – письмо услугополучателю с выпиской из протокола заседания Регионального координационного совета, либо мотивированный отказ по основаниям, предусмотренным пунктом 9-1 Стандарта.

      Результат оказания государственной услуги:

      по кредитам до 180 млн. тенге – предварительное гарантийное письмо либо уведомление об отказе с указанием причин отрицательного решения уполномоченного органа финансового агентства;

      по кредитам свыше 180 млн. тенге – выписка из протокола заседания Регионального координационного совета";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Прием заявлений и выдачи результатов оказания государственной услуги осуществляется с 9.00 часов до 18.00 часов с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.00 часов, кроме выходных и праздничных дней, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан. Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      После сдачи пакета документов услугополучателем, согласно пункту 4 Стандарта срок оказания государственной услуги составляет:

      по кредитам свыше 180 млн. тенге – в течение 10 (десяти) рабочих дней после получения финансовым агентством документов от банка второго уровня/Банка Развития (далее – Банк).

      В случаях наличия замечаний к представленным документам и/или необходимости представления дополнительной информации, услугодателем выявленные замечания и/или запрос о представлении информации направляются услугополучателю для их устранения в течение 3 (трех) рабочих дней.

      По кредитам до 180 млн. тенге в течение 5 (пяти) рабочих дней после получения финансовым агентством документов от Банка.

      В случае, если совокупная задолженность услугополучателя и аффилированных с ним лиц/компаний по кредитам, полученным под гарантию финансового агентства, составит более 180 млн. тенге, то рассмотрение последующих проектов осуществляется в течение 10 (десяти) рабочих дней.

      Веб-портал по кредитам до 180 млн.тенге в течение 5 (пяти) рабочих дней после получения финансовым агентством документов от Банка.

      В случаях наличия замечаний к представленным документам и/или необходимости представления дополнительной информации, выявленные замечания и/или запрос о представлении информации направляются Банку финансовым агентством для устранения и/или представления информации в течение 3 (трех) рабочих дней. При этом, срок рассмотрения документов, финансовым агентством возобновляется.

      В случае непредоставления Банком финансовому агентству пакета документов в течение 5 (пяти) рабочих дней с момента получения от услугополучателя электронной заявки через веб-портал "электронного правительства", финансовое агентство отказывает услугополучателю в рассмотрении вопроса о предоставлении гарантии.

      Максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов - 30 (тридцать) минут;

      Максимально допустимое время обслуживания - 1 (один) час.".

      Приложение к указанному регламенту утвердить в новой редакции, согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      в регламенте государственной услуги "Предоставление государственных грантов в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса 2020", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Результатом оказываемой государственной услуги является договор о предоставлении гранта либо мотивированный отказ по основаниям, предусмотренным пунктом 9-1 Стандарта.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

      Государственная услуга оказывается на бесплатной основе физическим и юридическим лицам (далее – услугополучатель).";

      подпункт 6) пункта 5 изложить в новой редакции:

      "6) выдача результата оказания государственной услуги специалистом услугодателя, результат процедуры – письмо услугополучателю с выпиской из протокола заседания Регионального координационного совета, либо мотивированный отказ по основаниям, предусмотренным пунктом 9-1 Стандарта.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Прием документов и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется с 9.00 часов до 18.00 часов с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.00 часов, кроме выходных и праздничных дней, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан. Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      Согласно пункту 4 Стандарта срок оказания государственной услуги составляет 48 (сорок восемь) рабочих дней со дня сдачи пакета документов услугодателю.

      Максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов - 30 (тридцать) минут;

      Максимально допустимое время обслуживания - 20 (двадцать) минут.".

      Приложение к указанному регламенту утвердить в новой редакции, согласно приложению 3 к настоящему постановлению.

      в регламенте государственной услуги "Предоставление поддержки по развитию производственной (индустриальной) инфраструктуры в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса 2020", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Результатом оказываемой государственной услуги является выписка из протокола заседания Регионального координационного совета либо мотивированный отказ по основаниям, предусмотренным пунктом 9-1 Стандарта.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

      Государственная услуга оказывается на бесплатной основе физическим и юридическим лицам (далее – услугополучатель).".

      2. Управлению предпринимательства и индустриально-инновационного развития города Алматы, произвести государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции с последующим опубликованием в официальных периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и на официальном интернет-ресурсе акимата города Алматы.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Алматы Е. Аукенова.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы Б. Байбек

  Приложение 1
к постановлению акимата
города Алматы
от 14 сентября 2016 года
№ 3/436
  Приложение
к Регламенту государственной
услуги "Предоставление
субсидирования части ставки
вознаграждения по кредитам в
рамках Единой программы
поддержки и развития бизнеса
"Дорожная карта бизнеса 2020"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной
услуги "Предоставление субсидирования части ставки
вознаграждения по кредитам в рамках
Единой программы поддержки и развития
бизнеса "Дорожная карта бизнеса 2020"



  Приложение 2
к постановлению акимата
города Алматы
от 14 сентября 2016 года
№ 3/436
  Приложение
к Регламенту государственной
услуги "Предоставление
субсидирования части ставки
вознаграждения по кредитам в
рамках Единой программы
поддержки и развития бизнеса
"Дорожная карта бизнеса 2020"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной
услуги "Предоставление гарантий по кредитам субъектов
частного предпринимательства в рамках Единой
программы поддержки и развития бизнеса
"Дорожная карта бизнеса 2020"



  Приложение 3
к постановлению акимата
города Алматы
от 14 сентября 2016 года
№ 3/436
  Приложение
к Регламенту государственной
услуги "Предоставление
субсидирования части ставки
вознаграждения по кредитам в
рамках Единой программы
поддержки и развития бизнеса
"Дорожная карта бизнеса 2020"
 

Справочник бизнес-процессов оказания государственной
услуги "Предоставление государственных грантов
в рамках Единой программы поддержки и развития
бизнеса "Дорожная карта бизнеса 2020"