Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 3/479 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қазанда № 1325 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" және 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 "Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" қаулыларына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Aлматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) Aлматы қаласының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
      2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы" 2014 жылғы 18 тамыздағы № 3/683 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 1084 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Жүнісоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 3/479 қаулысына
қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер

№ р/с
Критерий атауы
Иеліктен шығару түрі
1
объектіге әрі қарай бақылау жүргізуге мемлекет мүддесінің болмауы;
объектіні барынша мүмкін болатын жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушыларды кеңінен тарту.
Аукцион түрінде сауда-саттық өткізу
2
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт кезеңінде объектіге мемлекеттің бақылауын сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау);
объектіні барынша мүмкін болатын жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушыларды кеңінен тарту.
тендер түрінде сауда-саттық өткізу
3
сенімгерлік басқарушының, жалға алушының (жалдаушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарының талаптарын орындауына белгілі бір уақыт кезеңінде мемлекеттің бақылауын сақтау қажеттілігі.
тікелей атаулы сату
4
объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі;
шетелдік инвесторларды қоса, сауда-саттыққа қатысушыларды кеңінен тарту қажеттілігі
қор биржасында сауда-саттық өткізу
5
акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі ақцияларына құқығын растайтын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.
туынды бағалы қағаздарды сату
6
жекешелендіру объектілерін сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнінде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі;
жекешелендіру бағасының басымдығын және (немесе) өзге де шарттарын айқындайтын қаржы кеңесшісінің қатысуымен өткізу сауда-саттықты қажеттігі.
екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады