Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" 2015 жылғы 3 ақпандағы №1/61 қаулысының құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 4/569 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда № 1332 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" 2015 жылғы 3 ақпандағы № 1/61 қаулысының 2 тармағының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1122 тіркелген, 2015 жылғы 17 ақпанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған)күшіжойылды деп танылсын.
      2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасыҚазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Алматы қаласының аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарындаресми жариялануына жолдануын;
      3) осы қаулыныңАлматы қаласы әкімдігініңресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады