Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы N 42/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 сәуірдегі N 3704 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 27/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 13.12.2018 № 27/4 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлық ақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер облыстық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.

      2. "Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес пайызға жоғары жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" V шақырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XVI сессиясының 2013 жылғы 2 шілдедегі № 16/13 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 24 шілдеде № 2335 тіркелген, "Солтүстік Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 27 шілдеде, "Северный Казахстан" газетінде 2013 жылғы 27 шілдеде жарияланған).

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
XXXХІІ сессиясының
төрағасы
В.Мантариди
      Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың хатшысы
Қ. Едіресов

Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии

Решение маслихата Северо-Казахстанской области от 15 марта 2016 года N 42/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 11 апреля 2016 года N 3704. Утратило силу решением Северо-Казахстанского областного маслихата от 13 декабря 2018 года № 27/4

      Сноска. Утратило силу решением Северо-Казахстанского областного маслихата от 13.12.2018 № 27/4 (вводится в действие с 01.01.2019).

      В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Северо-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях, за счет средств областного бюджета.

      2. Признать утратившим силу решение XVI сессии Северо-Казахстанского областного маслихата V созыва от 2 июля 2013 года № 16/13 "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающим в сельских населенных пунктах" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2335 от 24 июля 2013 года, опубликовано 27 июля 2013 года в газете "Солтүстік Қазақстан", 27 июля 2013 года в газете "Северный Казахстан").

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель XXXXII сессии
Северо-Казахстанского
областного маслихата
В.Мантариди
      Секретарь
Северо-Казахстанского
областного маслихата
К. Едресов