"Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 317 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 наурызда N 3652 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 874 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 22.06.2018 № 874 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 жарлығына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Қоса берілген Ереже жаңа редакцияда бекітілсін.

      3. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қабылданған шешім туралы тіркейтін органды хабардар етсін.

      4. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі М. Тасмағанбетов

  Қала әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 317 қаулысымен бекітілді

"Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Жалпы ережелер

      1. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі өз атауы бар мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес ол бұған уәкілетті болған жағдайда, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық тарапынан қатынастарға түседі.

      7. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыретінің мәселелері бойынша басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 150 000 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып саналады.

      12. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Петропавл қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

      13. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауда кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарттар жасауға тыйым салынады.

      Егер "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заң актілерімен табыстар әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, мұндай қызметтен алынған табыстар мемлекет бюджетінің кірісіне жолданады.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары және міндеттері

      14. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй қорын басқару, сондай-ақ Петропавл қаласы аумағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында тұрғын үй қатынастары және мемлекеттік бақылау төңірегіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.

      15. Міндеттері:

      1) Петропавл қаласында үздіксіз тіршілік әрекеттерін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және абаттандыру саласындағы мәселелерді қарау және шешу;

      16. Қызметтері:

      1) бағыттар пакетіне(теріне) қызмет көрсету конкурстары жеңімпаздарымен келісім-шарттар жасау және оларға бағытта жұмыс істеу құқығын растайтын куәліктер беру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй беру бойынша тұрғын үй комиссиясына қарауға құжаттар дайындау;

      3) коммуналдық меншіктегі кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау;

      4) жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су өткізу желілерінің қызметін қамтамасыз ету;

      5) қаланың коммуналдық меншігіндегі жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру;

      6) көшелерді жарықтандыру, санитарияны қамтамасыз ету, қаланы абаттандыру және көгалдандыру;

      7) коммуналдық меншіктегі жерлеу және тексіз жерленген орындарды, гүл бақтарын, саябақтарды және жағажайларды күтіп ұстау;

      8) көлік инфрақұрылымын дамыту;

      9) жолаушыларды және жүкті тұрақты қалалық, қала маңы тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

      10) жолаушыларды және жүкті таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;

      11) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін сатып алу арқылы алу және осымен байланысты жылжымайтын мүлікті иесіздендіру;

      12) Петропавл қаласының бағыт желісін әзірлеу;

      13) есепке қою және кезектілік, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімін қабылдау;

      14) мемлекеттік кәсіпорыннан немесе мемлекеттік мекемеден тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру;

      15) жер жұмыстары өндірісіне (құрылыс, жөндеу) ордерлер беруді жүзеге асыру;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне қарай жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

      2) өз құзыреті шеңберінде құқықтық актілер шығару;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру және өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің және өз функцияларының орындалуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Петропавл қаласының әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді;

      2) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      3) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      4) белгіленген заңнама тәртібімен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

      5) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;

      6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан шығады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлкеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басшы өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Петропавл қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады:

      "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жүргізуіндегі ұйымдар тізбесі:

      1) "Петропавл қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты "Коммунхоз" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2) "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Петропавл қаласы әкімдігіне қарасты "Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш имараттар" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады