"Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі N 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 31 тамызда N 3884 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 29.11.2018 № 5 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 12 ақпанда № 13-1-171 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпанда "Қызылжар Нұры" газетінде, 2010 жылғы 19 ақпанда "Проспект СК" газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген 50 пайызға көтерілсін".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық
мәслихат сессиясының
төрағасы
О. Завьялов
      Петропавл қалалық
мәслихат хатшысы
А. Бердағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады