2017 жылы Аққайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы N 8-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қаңтарда N 3995 болып тіркелді

       "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
       1. 2017 жылы өтінген қажеттілігінің есебімен Аққайың ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға:
       1) өтініш түскен кезеңнен жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
       2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш түскен кезеңнен бір мың бес жүз есептік айлық көрсеткіштен аспайтын маманның өтінген сомасында бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
       2. Осы шешімнің 1 тармағы 1), 2) тармақшаларының күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пунктерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.
       3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      VI шақырылған VIII сессия
төрағасы
А. Фильберт
      Аққайың ауданы
мәслихатының хатшысы
С. Мұқанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады