Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 9 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 ақпанда N 3639 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі N 22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің 11.04.2016 N 22 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына және 48-бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 12 ақпандағы № 2 хаттамасы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты, елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің міндеттерін атқарушы ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесінің қызметіне төтенше жағдай режимі енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Айыртау ауданы
әкімінің м.а.

А.Махметов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады