Володар ауылдық округі аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы N 156 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 маусымда N 3775 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қантардағы № 06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 10.01.2024 № 06 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 19-бабының 2, 5-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар ауылдық округі аумағында автобус және шағын автобус маршруттары бойынша жүзеге асырылатын жолаушыларды және багажды ауылдық тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифі орнатылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Қ.Д.Досымбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Тастеміров
      Келісілді:
аудандық мәслихаттың
хатшысы
2016 жылғы 03 мамыр
Б.Жанахметовпен

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 03 мамырдағы № 156 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар ауылдық округі аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды және багажды ауылдық тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифі

Елді мекеннің атауы

Бір жолдың бағасы

1

Саумалкөл ауылы

60 теңге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады