Ақжар ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды анықтау және сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған үй-жайларды ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 17 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 ақпанда N 3619 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 4, 6-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақжар аудандық сайлау комиссиясымен қоса (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, Солтүстік Қазақстан облыстық және Ақжар аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, Солтүстік Қазақстан облыстық және Ақжар аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер үшін келісім-шарт негізінде сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған үй-жай 2-қосымшаға сәйкес берілсін.
      3. "Ақжар ауданы аумағында үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға және сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған үй-жай белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 305 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2011 жылғы 2 желтоқсанда № 13-4-131 тіркелген, 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 50 "Ақжар-хабар" және № 50 "Дала Дидары" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы әкімі
С. Тұралинов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
2016 жылғы 1 ақпан
М. Шапенов

  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 17 қаулысына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, Солтүстік Қазақстан облыстық және Ақжар аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар


п/п
Елді мекен атауы
Орналастыру орындары
1
Айсары ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Айсары негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталық кіру орны жанында орналасқан ақпараттық стенд, Абай көшесі, 3
2
Алқатерек ауылы
Алқатерек ауылдық клубы ғимаратының орталық кіру орны жанында орналасқан ақпараттық стенд, Сарыарқа көшесі, 1
3
Ақжарқын ауылы
Ақжарқын ауылының мәдениет үйі ғимаратының орталық кіру орны жанында орналасқан ақпараттық стенд, Ленин көшесі, 5
4
Восход ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Восход негізі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталық кіру орны жанында орналасқан ақпараттық стенд, Қонаев көшесі, 8
5
Кенащы ауылы
Кенащы ауылдық клубы ғимаратының орталық кіру орны жанында орналасқан ақпараттық стенд, Целинная көшесі, 2
6
Бостандық ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Бостандық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталық кіру орны жанында орналасқан ақпараттық стенд, Дружба көшесі, 2
7
Құлыкөл ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Қ. Хадесұлы атындағы Жаңаауыл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталық кіру орны жанында орналасқан ақпараттық стенд, Мектеп көшесі, 1
8
Ленинградское ауылы
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округінің "Мәдениет жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөніндегі орталығы" мемлекеттік мекемесі ғимаратының орталық кіру орны жанында орналасқан ақпараттық стенд, Зеленая көшесі, 46
9
Май ауылы
Май ауылының мәдениет үйі ғимаратының орталық кіру орны жанында орналасқан ақпараттық стенд, Ленин көшесі, 13
10
Горьковский ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Горьковский орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталық кіру орны жанында орналасқан ақпараттық стенд, Гвардейская көшесі, 8
11
Талшық ауылы
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Ақжар Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты алдындағы алаңда орналасқан ақпараттық стенд, Ломоносов көшесі, 1
12
Ұялы ауылы
Ұялы медициналық пункті ғимаратының орталық кіру орны жанында орналасқан ақпараттық стенд, Маркин көшесі, 20

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 17 қаулысына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, Солтүстік Қазақстан облыстық және Ақжар аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер үшін келісім-шарт негізінде сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған үй-жай


Елді мекен атауы
Өткізу орны
Ұйым атауы
Мекенжайы
1
Айсары ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Айсары негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің салтанат залы
Абай көшесі, 3
2
Алқатерек ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Алқатерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің салтанат залы
А.Молдагулова көшесі, 5
3
Восход ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Восход негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің салтанат залы
Қонаев көшесі, 8
4
Кеңащы ауылы
Кенащы ауылы клубының салтанат залы
Целинный көшесі, 2
5
Бостандық ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Бостандық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің салтанат залы
Дружба көшесі, 2
6
Қулыкөл ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Қ. Хадесұлы атындағы Жаңаауыл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің салтанат залы
Мектеп көшесі, 1
7
Ленинград ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Ленинград ауылшаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі кабинеті
Кенесары көшесі, 86
8
Май ауылы
Май ауылының мәдениет үйі салтанат залы
Ленин көшесі, 13
9
Горьковский ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Горьковский орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің салтанат залы
Гвардейская көшесі, 8
10
Ақжарқын ауылы
Ақжарқын ауылының мәдениет үйі салтанат залы
Ленин көшесі, 5
11
Талшық ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "Бестерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің салтанат залы
Иманов көшесі,1
12
Ұялы ауылы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің "С.Сәдуақасов атындағы Ұялы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің салтанат залы
30 лет Победы көшесі, 3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады