"Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/170 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 8/45 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 желтоқсанда N 3955 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, 50 бабының 2 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы мәслихатының Регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/170 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 5 мамырда № 2738 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырда "Есіл таңы" және "Ишим" газеттерінде ресми жарияланған).
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Е.Бимақанов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
А.Бектасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады