Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімінің 2016 жылғы 13 ақпандағы N 25 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 ақпанда N 3632 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі N 33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің 13.04.2016 N 33 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына сәйкес, елді-мекендердің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
       И. Турков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады