Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2017 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы N 54 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 желтоқсанда N 3980 болып тіркелді

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2017 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       И. Турков
       "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
қорғаныс Министрлігінің
"Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2016 жылдың 8 желтоқсаны
Қ. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады