Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 06 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 сәуірде N 3699 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 мамырдағы N 09 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің 12.05.2016 N 09 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4 бабы 5 тармағы 3) тармақшасына және 48 бабына, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесінің қызметіне төтенше жағдай режимі енгізілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін бағыты бойынша орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 8 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
 

      Қызылжар ауданының
әкімі

Б. Жұмабеков

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады